№ 389-НҚ 15.08.2025

№ 389-НҚ от 15.08.2025

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

 

МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ

 

МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

КОМИТЕТ МЕДИЦИНСКОГО И ФАРМАЦЕВТИЧЕСКОГО КОНТРОЛЯ

 

 

 

 

 

 

БҰЙРЫҚ

 

ПРИКАЗ

№                                                     

 

Астана қаласы                                                                                                                                                                                       город Астана

 

 

 

 

 

Медициналық бұйымдардың

тіркеу куәліктерін кері

қайтарып алу туралы

 

 

         «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 7) тармақшасына, 259-бабының                      1-тармағының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысы 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, тыйым салу немесе айналымнан алып қою не қолдануды шектеу қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906 тіркелген), БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес медициналық бұйымдардың тіркеу куәліктерін кері қайтарылып алынсын.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Фармацевтикалық қызметті бақылау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап жұмыс бір күннің ішінде жазбаша (еркін) нысанда Комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, дәрілік заттардың тіркеу куәлігінің иесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына (бұдан әрі-сараптама ұйымы) хабарласын.
  3. Комитеттің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;

2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау Комитет төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

Негіздеме: «Бауш Фарма Казахстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2025 жылғы 28 шілдедегі № 339 хаты.

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Медициналық және

фармацевтикалық бақылау

комитетінің төрағасы                                                              Б.  Жүсіпов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық

сақтау министрілігі

Медициналық және фармацевтикалық

бақылау комитеті төраға

2025 жылғы ___ тамыздағы

№ _____ бұйрығына қосымша

 

 

 

Кері қайтарып алуға жататын медициналық бұйымдардың

 тіркеу куәліктері

 

Тіркеу куәлігінің нөмірі

Тіркелген күні

Медициналық бұйымдардың атауы

Өндіруші, мемлекет

ҚР-МТ-7№011700

04.05.2020

Лазерлік терапиялық CLEAR + BRILLIANT аппараты керек-жарақтарымен

Solta Medical Inc., АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫ

ҚР-МТ-5№015853

04.08.2021

Ультрадыбыстық липосакцияға арналған VASER 2.2 кешені керек-жарақтарымен

Solta Medical Inc., АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫ

ҚР-МТ-5№015802

02.08.2021

Лазерлік емдік Fraxel re:store аппараты керек-жарақтарымен

Solta Medical Inc., АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫ

 

 

Согласовано

15.08.2025 17:28 Кусаинов Саят Нурланович

15.08.2025 17:38 Кельдинова Аида Дулатовна

15.08.2025 17:43 Раймкулова Гаухар Ушкемпиркызы

Подписано

15.08.2025 17:57 Джусипов Бауыржан Алишерович

Письмо Медучреждениям
Дата публикации
18 августа 2025