№ 323-НҚ 03.07.2025

№ 323-НҚ от 03.07.2025

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

 

МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ

 

МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

КОМИТЕТ МЕДИЦИНСКОГО И ФАРМАЦЕВТИЧЕСКОГО КОНТРОЛЯ

 

 

 

 

 

 

БҰЙРЫҚ

 

ПРИКАЗ

№                                                     

 

Астана қаласы                                                                                                                                                                                       город Астана

 

 

 

Дәрілік заттардың тіркеу

куәліктерін кері қайтарып алу

 

 

         «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 7) тармақшасына, 259-бабының                      1-тармағының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысы 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, тыйым салу немесе айналымнан алып қою не қолдануды шектеу қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906 тіркелген), БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес дәрілік заттардың тіркеу куәліктері кері қайтарылып алынсын.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Фармацевтикалық қызметті бақылау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бір күннің ішінде жазбаша (еркін) нысанда Комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, дәрілік заттардың тіркеу куәлігінің иесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына хабарласын.
  3. Комитеттің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;

2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау Комитет төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

Негіздеме: «Rogers Pharma» ЖШС 2025 жылғы 10 маусымдағы № ЗТ-2025-01922790 хаты.

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Медициналық және

фармацевтикалық бақылау

комитетінің төрағасы                                                              Б. Жүсіпов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық

сақтау министрілігі

Медициналық және фармацевтикалық

бақылау комитетінің төрағасы

2025 жылғы ___ шілдедегі

№ _____ бұйрығына қосымша

 

 

Кері қайтарып алуға жататын дәрілік заттардың тіркеу куәліктері

 

Тіркеу куәлігінің нөмірі

Тіркелген күні

Дәрілік заттың атауы

Өндіруші, мемлекет

№ ҚР-ДЗ-5№025564

25.01.2022

Ауроподокс, қабықпен қапталған таблеткалар, 200 мг

Ауробиндо Фарма Лимитед, ИНДИЯ

№ ҚР-ДЗ-5№025555

25.01.2022

Ауроподокс, Қабықпен қапталған таблеткалар, 100 мг

Ауробиндо Фарма Лимитед, ИНДИЯ

№ ҚР-ДЗ-5№022255

12.07.2021

Ауроксетил, таблеткалар, 250 мг

Ауробиндо Фарма Лимитед, ИНДИЯ

ҚР-ДЗ-5№022254

12.07.2021

Ауроксетил, таблеткалар, 500 мг

Ауробиндо Фарма Лимитед, ИНДИЯ

ҚР-ДЗ-5№025325

09.11.2021

Сиатаф, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 20 мг

Ауробиндо Фарма Лимитед, ИНДИЯ

ҚР-ДЗ-5№025326

09.11.2021

Сиатаф, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 10 мг

Ауробиндо Фарма Лимитед, ИНДИЯ

№ ҚР-ДЗ-5№025327

09.11.2021

Сиатаф, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 5 мг

Ауробиндо Фарма Лимитед, ИНДИЯ

№ ҚР-ДЗ-5№025355

16.11.2021

Валат, босап шығуы ұзартылған, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 500 мг

Ауробиндо Фарма Лимитед, ИНДИЯ

№ ҚР-ДЗ-5№024911

02.02.2021

Лопинавир и ритонавир, Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 100 мг/25 мг

Ауробиндо Фарма Лимитед, ИНДИЯ

№ ҚР-ДЗ-5№024913

02.02.2021

Лопинавир и ритонавир, Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 200 мг/50 мг

Ауробиндо Фарма Лимитед, ИНДИЯ

№ ҚР-ДЗ-5№025546

21.01.2022

Невирапин,

Ішуге арналған суспензия, 50 мг/5 мл

Ауробиндо Фарма Лимитед, ИНДИЯ

№ ҚР-ДЗ-5№020725

16.10.2019

Эфавиренз, эмтрицитабин и тенофовира дизопроксила фумарат, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 600мг/200мг/300мг

Ауробиндо Фарма Лимитед, ИНДИЯ

№ ҚР-ДЗ-5№024982

06.04.2021

Позинег,

инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, 1000 мг

Ауробиндо Фарма Лимитед, ИНДИЯ

№ ҚР-ДЗ-5№025741

14.04.2022

Долутегравир, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 50 мг

Ауробиндо Фарма Лимитед, ИНДИЯ

№ ҚР-ДЗ-5№024784

14.10.2020

Элетриптана гидробромид, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 40 мг

Ауробиндо Фарма Лимитед, ИНДИЯ

 

 

Согласовано

01.07.2025 18:45 Курманбай Маншук Курманбайкызы

01.07.2025 19:51 Байтубаев Еркебулан Нургалиевич

02.07.2025 15:40 Исмухаметов Асет  Куандыкович

Подписано

02.07.2025 19:54 Джусипов Бауыржан Алишерович

Письмо Медучреждениям
Дата публикации
09 июля 2025