«Цеф III» + «Лидокаин» ұнтақ 1 гр. 1 дана», серия 23090173, жарамдылық мерзімі - 09.26 и серия 24100085, жарамдылық мерзімі - 10.2027 ДЗ-тың сериялары (партиялары) жалған деген күдікпен айналымда жүр

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

 

МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ

 

МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

КОМИТЕТ МЕДИЦИНСКОГО

И ФАРМАЦЕВТИЧЕСКОГО КОНТРОЛЯ

 

010000, Астана қ., Есіл ауд., Мəңгілік Ел даңғылы, 10, БЦ «Kazyna Towers» тел: +7 (7172) 74-27-68  e-mail: kmfk@dsm.gov.kz

 

 

 

010000, г. Астана, пр. Мангилик Ел 10,

БЦ «Kazyna Towers» тел.: +7 (7172) 74-27-68

e-mail: kmfk@dsm.gov.kz

         

 

16 маусым 2025 жылғы № 25/1969-И

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитеттің департаменттері
(тізім бойынша)

 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

 

 

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер

 

 

Медициналық ұйымдар

 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Химфарм» АҚ-тың ақпаратын қарап, мынаны хабарлайды.

«Химфарм» АҚ-тың ақпаратына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында «Цеф III» + «Лидокаин» ұнтақ 1 гр. 1 шт.», серия 23090173, жарамдылық мерзімі - 09.26 және серия 24100085, жарамдылық мерзімі - 10.2027 дәрілік заттың сериялары (партиялары) жалған деген күдікпен қаралады.

Осыған байланысты дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге, медициналық ұйымдарға жоғарыда көрсетілген дәрілік заттар серияларының (партияларының) бар-жоғын тексеру жүргізу және нәтижелері туралы Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне хабарлау қажет.

Комитеттің аумақтық бөлімшелері жүргізілген жұмыстың нәтижелері туралы Комитетке хабарлауы қажет.

Қосымша 1 парақта

 

 

Төраға орынбасарының

   міндетін атқарушы                                                      Е. Байтубаев

 

 

 

 

 

Орынд.: Ж.Бексұлтанов

Тел.: 74-27-46

 

 

 

хат му
Дата публикации
17 июня 2025