Хат Эдерби Кио

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

 

МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ

 

МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

КОМИТЕТ МЕДИЦИНСКОГО

И ФАРМАЦЕВТИЧЕСКОГО КОНТРОЛЯ

 

010000, Астана қ., Есіл ауд., Мəңгілік Ел даңғылы, 10, БЦ «Kazyna Towers» тел: +7 (7172) 74-27-68  e-mail: kmfk@dsm.gov.kz

 

 

 

010000, г. Астана, пр. Мангилик Ел 10,

БЦ «Kazyna Towers» тел.: +7 (7172) 74-27-68

e-mail: kmfk@dsm.gov.kz

         

 

___________________№________

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитеттің департаменттері
(тізім бойынша)

 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

 

 

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер

 

 

Медициналық ұйымдар

 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) Комитеттің Қарағанда облысы департаментінің (бұдан әрі - Департамент) ақпаратын қарап, мынаны хабарлайды.

Департаменттің ақпаратына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында Ресей Федерациясында тіркелген дәрілік заттардың сериялары (партиялары) жүгінеді:

  1. «Эдарби Кло 40 мг/12,5 мг №28», № 1531124 сериясы, жарамдылық мерзімі - 10.2027;
  2. «Эдарби 40 мг №28» № 0470924 сериясы, жарамдылық мерзімі - 08.2027, № 0561224 сериясы, жарамдылық мерзімі - 11.2027, № 0370824 сериясы, жарамдылық мерзімі - 07.2027.

Комитет дәрілік заттың жоғарыда аталған сериялары (партиялары) өнімнің сапасын бағалаудан өтпегенін, дәрілік заттардың таңбалануы орыс тілінде берілгенін хабарлайды.

Осыған байланысты дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге, медициналық ұйымдарға жоғарыда көрсетілген дәрілік заттардың серияларының (партияларының) бар-жоғын тексеру жүргізу және нәтижелері туралы Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне хабарлау қажет.

Комитеттің аумақтық бөлімшелері жүргізілген жұмыстың нәтижелері туралы Комитетке хабарлауы қажет.

 

 

Төрағаның орынбасары                                         А. Кенжеханова

 

 

 

 

 

Орынд.: Ж.Бексұлтанов

Тел.: 74-27-46

   
     
         

 

Дата публикации
03 июня 2025