|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ |
МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
КОМИТЕТ МЕДИЦИНСКОГО И ФАРМАЦЕВТИЧЕСКОГО КОНТРОЛЯ |
|||
|
010000, Астана қ., Есіл ауд., Мəңгілік Ел даңғылы, 10, БЦ «Kazyna Towers» тел: +7 (7172) 74-27-68 e-mail: kmfk@dsm.gov.kz |
|
010000, г. Астана, пр. Мангилик Ел 10, БЦ «Kazyna Towers» тел.: +7 (7172) 74-27-68 e-mail: kmfk@dsm.gov.kz |
||
___________________№________
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитеттің департаменттері
(тізім бойынша)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер
Медициналық ұйымдар
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Ипсен Фарма Казахстан» ЖШС-нің (бұдан әрі - Компания) ақпаратын қарап, мынаны хабарлайды.
Компанияның ақпаратына сәйкес Өзбекстан Республикасының аумағында жалған деген күдікпен «Диспорт®», № Р08044 сериясы, жарамдылық мерзімі 12/2026 мен 08/2027 дәрілік затты қолдану жағдайлары анықталды.
Комитет жоғарыда аталған дәрілік заттың сериясы (партиясы) Қазақстан Республикасында тіркелмегенін, өнімнің сапасын бағалаудан өтпегенін және таңбалану ағылшын тілінде берілгенін хабарлайды.
Осыған байланысты дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге, медициналық ұйымдарға жоғарыда көрсетілген дәрілік заттың сериясының (партиясының) бар-жоғын тексеру жүргізу және нәтижелері туралы Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне хабарлау қажет.
Комитеттің аумақтық бөлімшелері жүргізілген жұмыстың нәтижелері туралы Комитетке хабарлауы қажет.
Төрағаның міндетін атқарушы А. Кенжеханова
Орынд.: Ж.Бексұлтанов
Тел.: 74-27-46