|
010000, Астана қ., Есіл ауд., Мəңгілік Ел даңғылы, 10, БЦ «Kazyna Towers» тел: +7 (7172) 74-27-68 e-mail: kmfk@dsm.gov.kz |
___________________№________
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитеттің департаменттері
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер
Медициналық ұйымдар
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) «АстраЗенека Ю-Кей Лимитед» ЖАҚ Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің (бұдан әрі - Өкілдік) ақпаратын қарап, мынаны хабарлайды. Өкілдіктің ақпаратына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында Ресей Федерациясында тіркелген «Пульмикорт®, дозаланған ингаляцияға арналған суспензия, 0,25 мг/мл», сериялары № SEUE, жарамдылық мерзімі - 03.2026 және № SEUM, жарамдылық мерзімі - 03.2026, дәрілік заттың сериялары (партиялары) жүгінеді. Комитет дәрілік заттың жоғарыда аталған сериялары (партиялары) өнімнің сапасын бағалаудан өтпегенін, дәрілік заттың таңбалануы орыс тілінде берілгенін хабарлайды. Осыған байланысты дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге, медициналық ұйымдарға жоғарыда көрсетілген дәрілік заттар серияларының (партияларының) бар-жоғын тексеру жүргізу және нәтижелері туралы Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне хабарлау қажет. Комитеттің аумақтық бөлімшелері жүргізілген жұмыстың нәтижелері туралы Комитетке хабарлауы қажет.
Төрағаның міндетін атқарушы А. Кенжеханова
Орынд.: Ж.Бексұлтанов Тел.: 74-27-46 |
010000, г. Астана, пр. Мангилик Ел 10, БЦ «Kazyna Towers» тел.: +7 (7172) 74-27-68 e-mail: kmfk@dsm.gov.kz |
|||||||||||||||||
___________________№________