№ 220-НҚ от 21.04.2025
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ
МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
КОМИТЕТ МЕДИЦИНСКОГО И ФАРМАЦЕВТИЧЕСКОГО КОНТРОЛЯ
БҰЙРЫҚ
ПРИКАЗ
№
Астана қаласы город Астана
«Euflexxa», 1% 2 мл натрий
гиалуронаты № 3 шприцте
медициналық бұйым
тіркеу куәлігін кері
қайтарып алу туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 7) тармақшасына, 259-бабының 1-тармағының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысы 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, тыйым салу немесе айналымнан алып қою не қолдануды шектеу қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906 тіркелген), БҰЙЫРАМЫН:
- Био-Технолоджи Дженерал (Израиль) Лтд, Израиль өндірушісі, тіркеу куәлігін ұстаушы Био-Технолоджи Дженерал (Израиль) Лтд, Израиль, Euflexxa, 1% 2 мл натрий гиалуронаты № 3 шприцте, медициналық бұйым, ҚР-ММБ-5№0008772.
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;
2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Негіздеме: «Ferring Pharmaceuticals B. V.» Қазақстан Республикасындағы компания өқілдігінің 2025 жылғы 29 қантардағы №20 хаты.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Медициналық және
фармацевтикалық бақылау
комитетінің төрағасы Б. Жүсіпов
Согласовано
14.04.2025 17:15 Кенжеханова Алмагуль Жумахановна
14.04.2025 17:45 Исмухаметов Асет Куандыкович
15.04.2025 16:06 Исенбаева Анара Муратхановна
Подписано
21.04.2025 14:51 Джусипов Бауыржан Алишерович