№ 7-Н/Қ 08.01.2025

№ 7-Н/Қ от 08.01.2025

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

 

МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ

 

МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

КОМИТЕТ МЕДИЦИНСКОГО И ФАРМАЦЕВТИЧЕСКОГО КОНТРОЛЯ

 

 

 

 

 

 

БҰЙРЫҚ

 

ПРИКАЗ

№                                                  

 

Астана қаласы                                                                                                                                                        город Астана

 

 

 

 

 

Кейбір дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің қолданылуын қайта қалпына келтіру туралы

 

 

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 65-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір дәрілік заттарының тіркеу куәліктерінің қолданылуын қайта қалпына келтірілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасы міндетін атқарушысың 2024 жылғы 20 қарашадағы № 517-НҚ «Кейбір дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің күшін тоқтата тұру туралы» бұйрығының күші жойылсын.
  3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Фармацевтикалық қызметті жоспардан тыс бақылау басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық бөлімшелерін және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымын және «СҚ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жазбаша (еркін) түрде хабардар етсін..
  4. Комитеттің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір дәрілік заттарын тоқтатуды алып тастау туралы хабарлауды;

2) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір дәрілік заттарын тоқтатуды алып тастау туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды қамтасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын Комитеттің жетекшілік төраға орынбасары жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Негіздеме: Фармацевтикалық инспекторат және интеграция басқармасының 2024 жылғы 6 қаңтардағы № -0/517-вн қызметтік жазбасы және 2024 жылғы 31 желтоқсандағы Алдын алу іс қимылдары жоспарының мен оның орындалуы туралы есептің толықтығы мен нәтижелігін бағалау жөніндегі есебі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Медициналық және

фармацевтикалық бақылау

комитеті төрағасынының

міндетін атқарушы                                                       Б. Мұхаметбек

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Медициналық және фармацевтикалық

бақылау комитеті міндетін

атқарушысының 2025 жылғы _

 ___ қаңтардағы № _____

бұйрығына қосымша

 

Қалпына келтіруге жататын дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің тізбесі

 

№ п/п

Тіркеу куәлігінің нөмірі

Дәрілік заттың атауы

Өндіруші, ел

1

ҚР-ДЗ-5№017716

Люкрин Депо, бұлшықет ішіне және тері астына енгізу үшін суспензия дайындауға арналған 11.25 мг лиофилизацияланған ұнтақ, 1 мл еріткішімен алдын-ала толтырылған екі камералы шприцте (PDS)

Такеда Фармасьютикал Компани Лимитед, Япония

2

ҚР-ДЗ-5№019298

Земплар®, Инъекцияға арналған ерітінді 5.0 мкг/мл, 1 мл

Авара Лискате Фармасьютикал Сервисез С.п.А, Италия

3

ҚР-ДЗ-5№014087

Алувиа, Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 200 мг/50 мг

Эббви Дойчленд ГмбХ и Ко. КГ, Германия

4

ҚР-ДЗ-5№016561

Алувиа, Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 100 мг/25 мг

Эббви Дойчленд ГмбХ и Ко. КГ, Германия

5

ҚР-ДЗ-5№018123

Сурванта, эндотрахеальді енгізуге арналған суспензия, 25 мг/мл, 4 мл

Эббви Инк., США

6

ҚР-ДЗ-5№018124

Сурванта, эндотрахеальді енгізуге арналған суспензия, 25 мг/мл, 8 мл

Эббви Инк., США

 

 

Согласовано

08.01.2025 12:26 Байтубаев Еркебулан Нургалиевич

08.01.2025 15:02 Исмухаметов Асет  Куандыкович

Подписано

08.01.2025 16:14 Мұхаметбек Б.М ((и.о Кенжеханова  А. Ж.))

О возобновлении действия некоторых регистрационных удостоверений лекарственных средств
Дата публикации
28 января 2025