Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлімінің 2023 жылғы 1 тоқсан бойынша есебі

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлімінің 2023 жылғы 1 тоқсан бойынша есебі
2023 жылдың 1 тоқсанында 17 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
-«Фармацевтикалық қызметке лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру» қызмет түрі бойынша барлығы 12, оның ішінде 9 (75%) қанағаттандырарлық нәтижеде және дәлелді бас тарту 3 (25%);
- Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелуге (әкетуге) келісім және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру қызмет түрі бойынша барлығы 5, оның ішінде 5 (100%) қанағаттандырарлық нәтижеде;
Бас тартулар «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңға және стандарттарға сәйкес берілді. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің барлығы «Е-лицензиялау» мемлекеттік ақпараттық жүйесі (http://elicense.kz порталы) арқылы көрсетілді.
Департаментпен мемлекеттік қызмет көрсету барысында Заңмен бекітілген мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері үнемі қатаң бақылауда. Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдерінің бұзылу фактілері анықталған жоқ.
Департаментке 2023 жылдың 1 тоқсаны бойынша Тиісті дәріханалық практика (GPP) стандарты талаптарына сәйкес фармацевтикалық инспекция жүргізуге 4 өтініш келіп түсті, 7 инспекция жүргізілді, GPP стандарты талаптарына сәйкестігіне 12 сертификат берілді, 8 өтініш бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2023 жылдың 31 наурызына шаққанда Атырау облысында тиісті дәріханалық практика (GРP) стандарты талаптарына сәйкестігін растайтын сертификат барлық фармацевтикалық субъектілердің 13% (40 дәріхана) берілді.
Мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру және лицензиялау барысында қолданылатын нормативтик-құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, Тиісті дәріханалық практика (GPP) стандартын енгізу қажеттігі туралы түсіндіру мақсатында облыстағы фармацевтикалық субъектілермен ZOOM платформасы арқылы 5 онлайн семинар және Атырау облысы, Құрманғазы ауданында 1 көшпелі семинар өткізіліп, өткізілген семинарлар туралы ақпарат Facebook парақшасында жарияланды. Семинарға 250 фармацевтикалық субъект өкілдері мен медициналық қызметкерлер қатысты. Департамент кеңсесінде мемлекеттік қызмет алушыларға қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіру бойынша түсіндірме жұмыстарымен қамтамасыз етіліп, мемлекеттік қызмет алушыларға үнемі кеңес беріліп отырады.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 20 наурызында Ашық есік күні өткізіліп, қызмет алушыларға Департаментпен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы түсініктеме берілді.

Дата публикации
13 октября 2023