Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Атырау облысы бойынша департаментімен фармацевтикалық қызмет саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Атырау облысы бойынша департаментімен фармацевтикалық қызмет саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша жүзеге асырылатын мемлекеттік функциялардың бірі. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады.

Департаментпен фармацевтикалық қызмет саласындағы келесідей мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

  1. Фармацевтикалық қызметке лицензия беру;
  2. Денсаулық сақтау саласында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметтерді жүзеге асыруға лицензия беру"
  3. Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелуге (әкетуге) келісім және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру.

"Фармацевтикалық қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексі, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 мамырдағы № ҚР ДСМ-45 «Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің кейбір мәселелері туралы» бұйрығы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 қазандағы № ҚР ДСМ-148/2020 «Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» бұйрығы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 7 шілдедегі № ҚР ДСМ-58 "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы бұйрығы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-19 «Дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

"Денсаулық сақтау саласында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметтерді жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін жүзеге асыру Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексі, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 мамырдағы № ҚР ДСМ-45 «Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің кейбір мәселелері туралы» бұйрығы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №943 «Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 11 сәуірдегі № 334 «Есірткі заттарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы объектілерді және үй-жайларды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына негізделеді.

"Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелуге (әкетуге) келісім және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру" мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексі, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-237/2020 «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және "Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелуге (әкетуге) келісім және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну электронды түрде веб-портал арқылы "электрондық үкімет": www.egov.kz, www.elicense.kz. жүзеге асырылады.

Фармацевтикалық қызмет саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға қатысты мәселелер бойынша Департаментке 87122 45 40 21 байланыс телефоны арқылы хабарласуға болады.

 

 

 

 

 

     

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Атырау облысы бойынша департаментімен фармацевтикалық қызмет саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы
Дата публикации
16 февраля 2023