Әдеп жөніндегі уәкілдің 2022 жылғы қорытынды есебі

"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) медициналық қызметтер (көмек) көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысын бақылау саласында басшылықты және іске асыруды, құзыреті шегінде функцияларын іске асыру және бақылауды жүзеге асыратын аумақтық бөлімшесі болып табылады.

      Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 645 "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы бұйрығына сәйкес жүзеге асырады.

      Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

   Департаменттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

         Департаменттің мақсаттары:

      1) медициналық қызметтер (көмек) көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы салаларында іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыру;

      2) құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын және қолжетімділігін қамтамасыз ету;

      3) өз құзыретінің шегінде Департаменке жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Департаменттің орналасқан жері – 060007, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Әуезов көшесі, 53а, байланыс тел.: 45-40-01, жұмыс уақыты сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін (үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін).

Департаменттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің штат саны 18 бірлік құрайды. Департаментте- 4 бөлім бар (медициналық қызметті бақылау бөлімі-5 бірлік, медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімі-3 бірлік, фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер бөлімі-4 бірлік, фармацевтикалық қызметті бақылау және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бағаларың мониторингілеу бөлімі-3 бірлік).

Департаменттің құқықтары мен міндеттері:

     - заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, жеке және заңды тұлғалардан медициналық қызметтер (көмек) көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы салаларындағы мәселелер бойынша ақпаратты сұрату және алу;

    - тексерулер мен сараптамалар жүргізуге басқа ұйымдардан мамандарды, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен тәуелсіз сарапшылар мен бейінді мамандарды тарту;

- Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қабылдау және қарау;

 - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

      Департаменттің функциялары:

- медициналық қызметтер (көмек) көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы салаларында мемлекетік бақылау және қадағалауды жүзеге асырады;

  - Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды;

 - өз құзыреті шегінде медициналық қызметтер (көмек) көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы, денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты мемлекеттік қызметтерді көрсетеді;

 - тиісті фармацевтикалық практика стандарттарын әзірлейді, фармацевтикалық инспекцияларды жүзеге асырады;

 - денсаулық сақтау саласындағы жарнаманы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

 - саудалық атаулары бойынша дәрілік заттардың шекті бағаларының сақталуына мониторинг және бақылауды жүзеге асырады;

 - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Әдеп жөніндегі уәкілі бойынша ақпарат

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушысының «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелерінде Әдеп жөніндегі уәкілдің функцияларын жүктеу туралы» 2021 жылғы 17 наурыздағы №100-нқ бұйрығына толықтырулар енгізу туралы 2021 жылғы 19 шілдедегі № 314-НҚ бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі болып департамент басшысының орынбасары Мусабаева Умытхан Багланбаевна тағайындалды. ӘЖУ бойынша мәлімет департаменттің сайтында, Facebook парақшасында және департамент ғимаратында ақпарат орналастырылды.

Әдеп жөніндегі уәкілінің 2022 жылғы атқарылған жұмыстары

бойынша ақпарат

Департаментің ӘЖУ мемлекеттік қызметшілерге, жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша 18 (мемлекеттік қызметшілерге – 11, жеке және заңды тұлғаларға - 7) консультациялық көмек көрсетті. Сонымен қатар 7 азаматтарды жеке қабылдауларды жүзеге асырды.

Мемлекеттік қызметшілерге жұмыс барысында, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметтік әдеп нормаларын үнемі сақтау қажеттігі бойынша жүргізілген түсіндірме жұмыстары мен мониторинг нәтижелеріне сәйкес 2022 жылы мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері болмауына байланысты (мемлекеттік қызметшілерден, жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан, БАҚ-тан және басқа көздерден) өтініштер келіп түскен жоқ.

ӘЖУ-дің БАҚ басылымдарындағы және мемлекеттік қызметшілердің (14- мемлекеттік қызметшілер) әлеуметтік медиадағы аккаунттарына жүргізілген мониторинг нәтижесі бойынша жағымсыз материалдар, мемлекеттік қызметшілердің абыройы мен беделіне айқын нұқсан келтіретін фото(бейне) материалдар анықталған жоқ. Департаменттің мемлекеттік қызметшілері тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері орын алған жоқ. Осыған орай мемлекеттік қызметшілер тәртіптік жауапкершілікке тартылған жоқ, материалдар құқық қорғау және басқа да уәкілетті органдарға жіберілген жоқ.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша- 46 түсіндіру жұмыстары жүргізілді, оның ішінде:

- дәріс пен семинарлар- 23 (семинар тақырыптары: Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығының жаңа басылымымен таныстыру, «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту және кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығы, ӘЖУ функцияларымен және қабылдау кестесімен таныстыру,  Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңы, мемлекеттік қызметшілердің нысанды киімі мен тәртібі туралы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V Заңы, мемлекеттік қызметінің тиімділігін бағалау және әдеп жөніндегі уәкіл рейтингін қалыптастыру,  мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауы, Сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларына жол бермеу бойынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздерін сақтауға және тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін іс- әрекеттерді жасамау бойынша, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің 2022 жылғы  19 қазандағы № 25-01-25/2752-И хатында көрсетілген мәселелер (өтініштердің сапасыз қаралуына, өтініштерді қабылдау кезінде қызметшілердің дөрекілігіне, әдепсіз мінез- құлқына шағымдар жиелеп кеткені) бойынша жалпыға бірдей құқықтық оқыту, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің хатына сәйкес ҚР Еңбек кодексі бойынша түсіндіру, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің 2022 жылғы  7 желтоқсандағы № 25-01-25/3226-И хатында көрсетілген мәселелер (жұмыс және іс қағаздарды қазақ тілінде жүргізу, орыс тілі қазақ тілімен ресми түрде тең қолданылатындығы туралы), Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің 2022 жылғы 8 желтоқсандағы № 03/1182 «Жүйелі түрде орын алатын бұзушылықтарды жою, оларға ықпал ететін себептерді аңықтау, профилақтикалық жұмыстарды күшейту туралы» хатына сәйкес түсіндіру, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас мамамны Султан Багитжанович Багитжановтың қатысыумен департамент мамандарына түсіндірме жұмыстарын жүргізу, консультациялық көмек көрсету және койылған сұрақтарға жауап беру бойынша, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 6-03/1259-И хаты «Жаңа жыл» мерекесі қарсаңында мемлекеттік қызметшілердің тарапынан әдеп кодексінің талаптарын бұзу фактілерінің орын алмауын қадағалау (қоғам тарапынан сыни, жағымсыз пікірлердің қалыптаспауының алдын-алу бағытында тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізу, қызметтік автокөлік құралдарын тек қызметтік мақсатта ғана пайдалануын қамтамасыз ету, өздерінің мемлекеттік немесе соған теңестірілген функцияларын атқаруға байланысты қызмет бабында өздеріне тәуелді мемлекеттік қызметшілерден және өзге адамдардан сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді қабылдамау, аталған әрекеттерді болдырмау) бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу);

- орналастырылған бейнесюжеттер мен радиоматериалдар- 1

Департаменттің сайтында және Facebook парақшасында мемлекеттік қызметшілер күніне орай өткізілген марафонға департаменттің маманының қатысуы туралы бейнеролик орналастырылды. Фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер бөлімінің бас маманы Мұсабаева Ақбота Жамбылқызы марафонға қатысып, облыстың 30 жасқа дейінгі мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бірінші орынды жеңіп алды;

- БАҚ-та жарияланған баспалы мақалалар- 1

1) ӘЖУ-дің «Этический кодекс - моральный «навигатор» в усложнившемся мире» тақырыбындағы мақаласы 2022 жылғы 31 наурызда облыстық қоғамдық-саяси «Прикаспийская коммуна» газетінің  Рrikaspiyskaya Kommuna-pricom.kz сайтында жарияланды;

2) Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің бекітілген кестесіне сәйкес 2022 жылдың 10 ақпанында Атырау қаласындағы «Caspian NEWS» ЖШС телеарнасының «Елге қызмет» бағдарламасына Департамент басшысының орынбасары Мусабаева Умытхан Багланбаевна қатысты. (департамент қызметі туралы ақпарат, департаментпен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша, көрермендердің сұрақтарына жауаптар).

 

- интернет-ресурстарындағы мақалалар- 21

Департаменттің ӘЖУ-мен аймақтарға шығу жұмыс бағытына қарай жүзеге асырылады. 2022 жылы ӘЖУ Индер, Жылыой және Мақат аудандарының медициналық ұйымдарының өкілдерімен және фармацевтикалық қызмет саласындағы субъектілерімен көшпелі семинарлар өткізді. Көшпелі семинар барысында департаментпен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңы,  медициналық қызмет және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналасы саласындағы мәселер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді;

Департаменттің оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқаны үшін Әдеп жөніндегі уәкілдің тарапынан 2022 жылы мемлекеттік қызмешілер бойынша ұсыныстар болған жоқ (департамент мамандарының мемлекеттік қызмет саласындағы еңбек өтіліне қарай).

Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында әдеп жөніндегі уәкіл 2022 жылдың 2-тоқсанында бекітілген нысан бойынша департаменттің мемлекеттік қызметшілерімен анонимді сауалнама жүргізді. Сауалнама қорытындысы бойынша жауаптардың 99 пайызы жалпы жұмыс ахуалы оңды-жағымды деп көрсетті, 1 пайызы бір сұрақ бойынша толық сенімділік білдірмейтіндігін көрсетті. Ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жағдайын жақсарту мақсатында департаменттің мемлекеттік қызметшілерімен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды қалыпты жағдайда ұстау мақсатында түсіндіру жұмыстары мерзімді түрде жүргізіледі.

Сонымен қатар департаменттің мемлекеттік қызметшілері Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен жолданған сілтемеге сәйкес 2022 жылғы 4-11 наурыз аралығында жұмыс уақытын есептеу бойынша анонимді түрде сауалнама өтті.

Департаменттің бөлім басшыларына, департамент басшысына туындаған мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкiндiгi туралы хабардар келіп түскен жоқ.

Департамент бойынша мүдделер қақтығысы туралы фактілер болған Отчет уполномоченного по этике за 2022 год

 

Әдеп жөніндегі уәкілдің 2022 жылғы қорытынды есебі
Дата публикации
15 февраля 2023