Дәріхананы қалай ашуға болады, деп түсіндірді елордалық МФБКД

Дәріхананы қалай ашуға болады, деп түсіндірді елордалық МФБКД

Фармацевтикалық қызметке лицензия алу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаментіне (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) ЭЦҚ-мен куәландырылған фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы өтініш пен мәліметтер нысанын (1-қосымша) "электрондық үкімет" www.egov.kz, wwwHYPERLINK "http://www.elicense.kz/".HYPERLINK "http://www.elicense.kz/"elicenseHYPERLINK "http://www.elicense.kz/".HYPERLINK "http://www.elicense.kz/"kz веб-портал арқылы жібереді.

Біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны "Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 қазандағы № ҚР ДСМ-148/2020 бұйрығына сәйкес толтырылады.

Көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаның тіркелген жері бойынша бюджетке фармацевтикалық қызметпен айналысу құқығы үшін 10 АЕК (2024 жылға – 36 920) мөлшерінде лицензиялық алым төлейді.

 

Ұсынылатын құжаттар, жабдықтар мен жиһаздар тізбесі:

1) заңды және жеке тұлғалар үшін – дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейтін Санитариялық қағидаларға сәйкес келетін мемлекеттік мүлікті меншік немесе жалға алу немесе сенімгерлік басқару құқығындағы үй-жайдың немесе ғимараттың болуы.

2) заңды және жеке тұлғалар үшін – нормативтік құқықтық актілерге сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және өткізу шарттарының сақталуын және сапасын бақылауды қамтамасыз етуге арналған жабдықтар мен жиһаздардың, Мүкәммалдың, аспаптар мен аппаратуралардың болуы;

- Дәрілік заттарды сақтауға арналған шкафтар, витриналар, сөрелер, паллеттер, тоңазытқыш жабдықтар (температуралық жағдайларды сақтау үшін кемінде 2: +2 - +8; +8 - +15), бақылау-өлшеу аспаптары (термометрлер, гигрометрлер), дәрі-дәрмектерді бөлек сақтауға арналған шкафтар. жұмысшылар санына сәйкес үстіңгі және арнайы киім, таңбаланған тазалау жабдықтарын және басқа да фармацевтикалық жабдықтарды сақтауға арналған шкаф, температуралық режимді сақтауға арналған технологиялық жабдық.

3) заңды тұлға емес фармацевтикалық қызметпен айналысуға үміткер жеке тұлғалар үшін – жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі бар қызметкерлер штаты (мамандығы бойынша жұмыс өтілі - кемінде үш жыл- дәріхана меңгерушісі үшін).

Фармацевтикалық қызметтің мәлімделген түрі бойынша соңғы 5 (бес) жыл ішінде мамандандыру немесе біліктілікті арттыру куәлігі.

 

Дәріхана үй-жайының ауданы кемінде 30 ш. м. болуы тиіс.:

  • витриналар мен персоналдың жұмыс орындарын орналастыру аймағы-кемінде 7 ш. м.
  • халыққа қызмет көрсету аймағы-кемінде 8 ш. м.
  • Сақтау үй-жайының көлемі: оның ішінде қабылдау-экспедициялық, қосалқы қор 9 ш. м. кем емес.
  • Қызметтік және тұрмыстық үй-жайлар: 1) меңгерушінің кабинеті 2) персонал бөлмесі 3) персоналға арналған киім-кешек бөлмесі 4) жинау мүкәммаларын сақтайтын қойма 5) санитариялық торап кемінде 6 ш. м.

Барлық бөлмелер оқшауланған болуы керек.

 

«Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 мамырдағы № ҚР ДСМ-45 бұйрығы. Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2, 3-қосымша. Жеке тұлға лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны алу үшін өтініш нысанын толтыруы қажет.