
Дәрілік заттарды таңбалау міндетті!
Қазақстан Республикасында өндірістен 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап шыққан дәрілік заттарға таңбалау және (цифрлық) қадағалау міндетті түрде басталды. Таңбалау арқылы сіз дәрілік заттың түпнұсқалығын тексеріп қана қоймай, сонымен қатар оның өндірушіден тұтынушыға дейінгі жолын қадағалай аласыз.
Осы мәселе жайлы, Қазақстан Республикасы Денсаулық министрлігі медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау Комитет төрағасының м.а. Алмагуль Жумахановна Кенжеханованың сұхбат кезеңде барлық фармацевтикалық субьектілерге дәрілік заттарға таңбалау және (цифрлық) қадағалау міндетті екенін айта кетті. Осы мәселенің маңызды екеінін назарға алу керектігін және болашақта ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің жергілікті аймақтық Департаменттері Прокуратура қызметкерлерімен бірге рейдтар өткізетінін және орындамаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескере кетті.