Медициналық қызметке лицензия және (немесе) лицензияға қосымшалар алу тәртібі

Медициналық қызметке лицензия және (немесе) лицензияға қосымшалар алу тәртібі

   Қазақстан Республикасының "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңына сәйкес медициналық қызмет қауіптіліктігі жоғары қызмет болып табылады.

   Медициналық қызметі Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыру үшін лицензия және лицензияға қосымша алу қажет. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № ҚР ДСМ-59/2020 бұйрығы "Медициналық қызметке лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын тәртібімен медициналық қызметке лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруге өтініштер ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық Департаменттеріне "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы  www.egov.kz, www.elicense.kz  жіберіледі. Өтінішке келесі құжаттарды тіркеу қажет:

1) медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер мен құжаттардың болуын растайтын мәліметтер нысаны толтырылады;

2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеуді қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;

 3) жоғары немесе орта медициналық білім туралы диплом;

4) қайта даярлаудан өткені туралы куәлік немесе біліктілігін арттырудан өткені туралы куәлік;

5) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес мәлімделетін кіші қызмет түрлеріне сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат;

6) меншік құқығын немесе жалға алу шартын немесе жылжымайтын мүлікті өтеусіз пайдалану шартын (несиені) немесе мүлікті сенімгерлікпен басқару шартын немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын куәландыратын құжаттар;

Анықтама: бастапқы лицензияны алған кезде жеке және (немесе) заңды тұлғаның тіркелген жері бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің аудандық басқармаларына қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін 10 АЕК (ағымдағы жылға) мөлшерінде лицензиялық алымды төлеу қажет (КБК бюджеттік сыныптаманың коды-105402, КНП төлем мақсатының коды-911)