
ҚР ДСМ МФБК Астана қаласы бойынша департаментінде азаматтарды қабылдау тұрақты түрде жүргізіледі. Елорда тұрғындары мен медицина және фармацевтика саласындағы мамандар күн сайын ҚР заңнамасына сәйкес кеңестер мен ұсынымдар алу үшін елордалық Департаментке жүгінеді.
Атап айтқанда, жоғарыда келтірілген фотосуреттерде азаматтарды қабылдауды департаменттің медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің бас маманы Айжан Дүйсембай жүргізді.
Осылайша, А. Дүйсембай клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын алу бойынша консультациялар жүргізді. Айта кету керек, әр 5 жыл сайын медицина қызметкерлері клиникалық қызметке кіру үшін бұрын алынған маман сертификаттарын растайды.