Медицина және фармацевтика саласындағы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін бұзушылықтары тоқтатылады

Медицина және фармацевтика саласындағы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін бұзушылықтары тоқтатылады

Медицина және фармацевтика саласындағы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін бұзушылықтары тоқтатылады

ҚР ДСМ МФБК Астана қаласы бойынша департаментінде мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі бойынша оқыту семинары өтті. Тренингті департамент басшысының орынбасары Гульнар Габбасова өткізді.

Семинар-тренингке департаменттің барлық қызметкерлері қатысты. Айта кету керек, әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.

"Сонымен қатар, мемлекеттік қызметші әрқашан жұмыста да, жұмыстан тыс уақытта да мінез-құлықтың моральдық-этикалық нормаларын сақтауы тиіс. Мемлекеттік қызметшінің мінез-құлқының кез келген этикалық нормаларын бұзушылықтар тоқтатылатын болады. Бұл шаралар кәсіби мемлекеттік аппаратты құруда ерекше орын алатынын атап өту маңызды. Мемлекеттік қызметші клиентке бағдарланған және азаматтың мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретіндегі пікірін әрдайым ескереді",-деді Г.Габбасова семинар-тренингте.

Әрбір азамат қызметтік этика нормаларымен интернет-кеңістікте таныса алады. Тұтастай алғанда, кодекс мемлекеттік қызметшінің адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық және клиентке бағдарлану сияқты қажетті қағидаттарына негізделеді.

Семинар қорытындысы бойынша департамент басшылығы мемлекеттік қызмет көрсету сапасының деңгейін бақылау, ҚР заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеру барысында ведомство қызметкерлерінің іс-әрекеттерін бақылау, тексерулерде кемінде екі маманның болуын бақылау, тексеру процесін аудио/бейне тіркеуді қамтамасыз ету, Департамент ғимаратынан тыс жерде консультацияға жол бермеу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі талаптардың қатаң сақталуын қамтамасыз ету туралы шешім қабылдады.

Департамент өткізетін барлық іс-шаралар сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын жоюға бағытталған.