Туыстық емес трансплантаттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының үлгілерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін, донорлық лимфоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру тәртібі
Туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының, гемопоэздік дің жасушаларының, сүйек кемігінің, донорлық лимфоциттердің, жыныстық жасушалар мен эмбриондардың үлгілерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру Қағидалары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2021 жылғы 7 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-126 бұйрығында жазылған.
Қорытындыны (рұқсат беру құжаттарын) алу үшін заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік органның аумақтық департаменттеріне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жібереді www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі-портал) осы Қағидаларға 1-қосымшамен бекітілген нысан бойынша өтініш және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесі. Жеке тұлғалар жыныстық жасушалар мен эмбриондарды, гемопоэздік дің жасушаларын (сүйек кемігін), донорлық лимфоциттерді әкелу және әкету қорытындысын алу үшін жіберілмейді. Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қарауының және қорытындыны (рұқсат беру құжатын) беруінің жалпы мерзімі 1 (бір) жұмыс күнін құрайды.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) донор мен реципиенттің ақпараттандырылған келісімі туралы мәліметтерді көрсете отырып, реципиентке донордан гемопоэздік дің жасушаларын (сүйек кемігін), донорлық лимфоциттерді туыстас емес транспланттауды жүргізу жоспарланып отырған медициналық ұйымнан растау (еркін нысанда).
1) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ұйымдарында экстракорпоралдық ұрықтандыру қажет болған жағдайда:
- осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
- "Акушерлік және геникология" және (немесе) "урология"мамандығы бойынша Медициналық қызметке лицензиясы бар медициналық ұйымның растауы (еркін нысанда);
2) диагностикалық зерттеулер қажет болған жағдайда:
- осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
3) бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізілген жағдайда;
- осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
- материалдарды (жыныс жасушалары, эмбриондар)қабылдайтын немесе жіберетін Денсаулық сақтау ұйымының ғылыми қызметпен айналысуын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
4) Қазақстан Республикасының аумағында тұратын донорды, шетелде тұратын реципиентті экстракорпоралдық ұрықтандыруды жүргізу қажет болған жағдайда:
- осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
- экстрокорпоралдық ұрықтандыруды жүргізетін және "Акушерлік және гиникология" және (немесе) "урология"мамандығы бойынша Медициналық қызметке лицензиясы бар медициналық ұйымнан растау (еркін нысанда).
5) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда:
- осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.
1) Қазақстан Республикасының аумағында медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда;
- осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
- биологиялық материалдар үлгілерін қабылдайтын және медициналық көмек көрсету жоспарланып отырған медициналық ұйымның растауы (еркін нысанда);
2) Қазақстан Республикасының аумағында диагностикалық зерттеулер қажет болған жағдайда;
- осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
3) бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізілген жағдайда;
- осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
- биологиялық материалдарды қабылдайтын немесе жіберетін заңды тұлғаның ғылыми қызметпен айналысқанын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
4) шетелде тұратын донор мен Қазақстан Республикасында тұратын реципиенттің тіндік үйлесімділігін растау үшін нlа жүйесі бойынша зертханалық зерттеулер жүргізу, сондай-ақ гемопоэздік дің жасушаларын транспланттау шеңберінде реципиенттің иммуностимуляциясын жүргізу қажет болған жағдайда:
- осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
- биологиялық матариалдардың үлгілерін жіберетін және (немесе) қабылдайтын медициналық ұйымнан растау (еркін нысанда).