2021 жылғы 04 ақпандағы Денсаулық сақтау министрінің м. а. № ҚР ДСМ-15 бұйрығының 6-ші тарау, 5-қосымшасы бойынша түсіндіру
"Тиісті фармацевтикалық практикаларды бекіту туралы "
"Тиісті фармацевтикалық практикаларды бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м. а. 2021 жылғы 4 ақпандағы № ҚР ДСМ-15 бұйрығына сәйкес
Дәріхана ұйымдары мыналарға бөлінеді:
1) дәрігерлердің рецептісі бойынша, талаптар немесе медициналық ұйымдардың, білім беру және әлеуметтік қамтамасыз ету ұйымдарының тапсырысы, стандартты жазбалар бойынша дәрілік формаларды дайындау; бекіткен жазбаларға сәйкес дәріхана ішілік дайындау; дәрілік зат және дәрілік өсімдік текті шикізатты орау, дәрілік субстанцияларға ие бола отырып, дайындалған, оның ішінде гомеопатиялық препараттарды, медициналық бұйымдарды, дәріханалық басқа тауарлардың түр-түрін және өкілетті органдар бекіткен тізбеге сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға жатпайтын дәрілік препараттарды сақтайтын, сапасын бақылайтын, ресімдейтін халыққа сату құқығы бар дәріханалар;
2) дәрілік препараттарды дайындау құқығы жоқ, дәрілік препараттардың, сонымен бірге гомеопаттық препараттардың, медициналық бұйымдарды, өкілетті органдар бекіткен тізбеге сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға жатпайтын дәріханалық басқа тауарлардың ассортиментін халыққа сатуды жүзеге асыратын, дайын дәрілік препараттар дәріханасы;
3) дәрілік препараттарды дайындау және дәрілік заттармен қамтамасыз ететін құқығы бар медициналық ұйымның (ауруханалық, аурухана аралық) дәріханалары;
Бөлшектеп сату дәріханасы мыналарға бөлінеді:
2) дайын дәрілік препараттар дәріханасы.
Дайындау құқығы бар дәріханалардың құрылымында мынадай бөлімдер болуы керек:
1) рецептуралы-өндірістік бөлім;
2) дәрігердің рецептілері бойынша босатылатын дәрілік препараттарды сату бөлімі;
3) дәріханалардан босатылуға рұқсат етілген медициналық мақсаттағы бұйымдарды және дәріханалық басқа тауарлардың түр-түрін сату бөлімі.
Дәріханалық ұйымның дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың сапасы сақталуын және қауіпсіздігін қамтамасыз етілуіне қажетті үй-жайлары, жабдықтары және құрал-саймандары болады.
Дәріханалық ұйымның барлық үй-жайлары ғимаратта (құрылыста) орналасуы және функционалды түрде жеке кіретін (шығатын) есігі бар басқа ұйымдардан оқшауланған бірегей блокқа біріктірілуі керек.
Дәріханалық ұйым қимыл-тірек аппараты функциясының бұзылулары бар адамдардың кіру (шығу) мүмкіндіктері қарастырылады, пандус және/немесе көтеруші лифт құру мүмкіндіктері болмаған жағдайда шақыру батырмасын орналастыруға болады.
Дәріханалық ұйымның алаңдарында лицензияларда көрсетілген қызмет түрлерімен функционалды байланыспаған бөлімшелерді орналастыруға болмайды.
Дәріханалық ұйымның дәріханалық ұйым түрі (фармацевтикалық қызметке лицензиясына сәйкес) қазақ және орыс тілдерінде ұйымдастырушылық-құқықтық түрі (құқығын анықтайтын құжаттарға сәйкес), ұйымның фирмалық атауы туралы ақпараттары жазылған маңдайшасы болады.
Дәріханалық ұйымның құрамы, үй-жайлар көлемі, жабдықтары атқарылатын фармацевтикалық қызметтің көлемі мен сипатына және дәрілік заттар мен дәріханалық тауарлардың ассортиментінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қолданыстағы нормативтерге сәйкес болуы керек. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар "санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 7 шілдедегі № ҚР ДСМ-58 бұйрығының 1-қосымшасының талаптарына сәйкес келуі тиіс (бұдан әрі –СанЕжн).
Дәріхана ұйымының жабдығы жүзеге асырылатын фармацевтикалық қызметтің көлемі мен сипатына және "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-19 бұйрығының қолданыстағы нормативтеріне сәйкес келуге және дәрілік заттар мен дәріхана ассортименті тауарларының сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс.
Дәріханалық ұйымның электр қуатымен қамтамасыз ету, жылыту, сумен қамтамасыз ету, ауа алмастыру, желдету, санитарлық нормалары мен ережелердің талаптарына сәйкес құбыр жүйелері болуы керек.
Дәріханалық ұйымның әкімшілік-тұрмыстық үй-жайларының жалпы көлемі персоналдың санына және қолданыстағы нормалар мен ережелерге байланысты, СанЕжннің қолданыстағы нормалары мен ережелеріне сәйкес келуі керек.
Дәріханалық ұйымда пайдаланылатын барлық аспаптар, аппараттардың қолданылу мерзімі бойы сақталатын техникалық паспорттары болуы керек. Аспаптар, аппараттар "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" 2000 жылғы 7 маусымдағы № 53-II Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 5- тармағына сәйкес жылына бір рет тексеріледі.
Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және дәріханалық тауарлардың түр-түрін сақтайтын үй-жайлары ауа параметрлерін тіркеуге арналған аспаптармен (термометрлермен, гигрометрлермен, психрометрлермен) жабдықталады. Бақылаушы аспаптар тексерілуі керек.
Авторы:Аубакирова У.С.