Меню

Страницы

Статья

Дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды дайындауға лицензиясы бар, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілердің дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды дайындау қағидалары

   «Дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды дайындауға лицензиясы бар, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілердің дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды дайындау қағидалары»

 

 

  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-286/2020 «Дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды дайындауға лицензиясы бар, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілердің дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды дайындау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы.

  • Дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды дайындауды дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды дайындауға тиісті лицензиясы бар, дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер жүзеге асырады.
  • Дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды дайындау тиісті өндірістік практика жағдайларында өндірілген дәрілік субстанцияларды қоспағанда Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттардың негізінде жүзеге асырылады.
  • Дәріхана, медициналық бұйымдардың дүкені және оптика дүкені жағдайында дайындалатын дәрілік препараттарды және медициналық бұйымдарды дайындау технологиясы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік фармакопеясының жалпы баптарының, жеке фармакопеялық баптарының, Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады деп танылған шетелдік фармакопеялардың, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
  • Құрамында дәрілік препараттарды дайындау құқығы бар дәріханасы жоқ медициналық ұйымдарда дәрілік препараттарды дайындауға және (немесе) өлшеп-орауға, дәрілік препараттарды бір қаптамадан екіншісіне салуға, затбелгілерді ауыстыруға жол берілмейді.

 

Дәрілік препараттарды дайындау тәртібі

 

  • Дәрілік препараттар мынадай жағдайларды ескере отырып, дайындалады:
  • "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 233-бабының 5-тармағынасәйкес уәкілетті орган бекітетін Рецептілерді жазу, есепке алу және сақтау қағидаларына сай рецептілерді жазу қағидаларының, жазылған дозалардың науқастың жас ерекшелігіне сәйкестігінің, бір жолғы босату нормаларының, дәрілік препараттың құрамына кіретін ингредиенттер үйлесімділігінің сақталуы;
  • дәрілік препараттарды дайындау технологиясының сақталуы;
  • дәрілік препаратты тиісінше таңбалау мен қаптамалауды қамтамасыз ету;
  • пациентке дәрілік препараттар туралы және олардың қолданылуы мен сақталуы жөнінде объективті ақпарат бере отырып, дәрілік препараттың тиісінше босатылуын қамтамасыз ету.
  • Дәрілік препараттарды дайындау:
  • дәрігерлердің рецептілері бойынша;
  • медициналық ұйымдардың талаптары бойынша;
  • дәріханаішілік әзірлемелер түрінде;

 

Медициналық бұйымдарды дайындау тәртібі

 

  • Медициналық бұйымдар мынадай жағдайлар:
  • бұйымдарды дайындаушының берген нұсқаулықтары мен ақпаратына сәйкес оларды мақсатына сай қолданған кезде (пайдаланғанда) қауіпсіздік қамтамасыз етіледі және пациенттердің, пайдаланушылардың және басқа тұлғалардың денсаулық жағдайына қауіп төндірмейді;
  • оларды сақтау және тасымалдау кезінде сипаттамалары сақталады;
  • пациенттерге, пайдаланушыларға инфекция жұқтыру қаупін, сондай-ақ бұйымдардың өзара айқаспалы контаминациялануын болдырмайды немесе барынша азайту ескеріле отырып дайындалады.
  • Медициналық бұйымдардың техникалық сипаттамасы мен функционалдық қасиеттері дайындаушысы көрсеткен медициналық бұйымның қызмет ету мерзімі кезінде сыртқы факторлардың әсерлерінен нашарламайды және бұйымдарды дайындаушының пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарына сәйкес қалыпты жағдайда пайдаланған кезінде пациенттердің, пайдаланушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндірмейді.
  • Дәрілік заттарды енгізуге арналған медициналық бұйымдар, медициналық бұйымдардың функционалдық қасиеттері ескеріліп, осы дәрілік заттардың тағайындалуына, қолдану және сақтау шарттарына сәйкес осы дәрілік заттармен үйлесімді болады.
  • Медициналық оптиканы дайындау нақты пациентке жазылып берілген рецептіге сәйкес оптикалық линзаларды өңдеуге арналған станоктарда жүргізіледі.
  • Дайындалған көзілдіріктердің дәлдігін арнайы жабдықта (диоптриметр) клиенттің қатысуымен рецепт деректерімен сәйкестігіне міндетті түрде тексеру жүргізіледі.

авторы: Молдиманова А.Ш.

Дата публикации
25 мая 2022
Дата обновления
25 мая 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

10 июня 2026
Есірткі өмірді құртады: оны қолданудың салдары мен заңсыз айналымы үшін жауапкершілік туралы
03 июня 2026
Жоғары медициналық білімі бар түлектерге клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын алу ережелері
Пайдалы ақпарат
28 апреля 2025
Денсаулық сақтау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі негізгі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы