2021 жылғы 04 ақпандағы Денсаулық сақтау министрінің м. а. № ҚР ДСМ-15 бұйрығының 1-параграфының 5-қосымшасы бойынша түсіндіру "Тиісті фармацевтикалық практикаларды бекіту туралы "
Дәріханада дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және дәріхана ассортиментінің тауарларын қабылдау, сақтау және өткізу.
Дәріхана ұйымында тауарды қабылдау үшін оның сапасын, санын сақтауды қамтамасыз ететін және басқа біртекті өнімнің бүлінуіне және араласуына жол бермейтін жеке үй-жай немесе арнайы жабдықталған жұмыс орны көзделеді.
Дәріхана ұйымы көтерме саудада өткізуге лицензиясы бар ұйымдардан дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды алуға тиіс.
Қабылдау: дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және дәріхана ассортиментінің тауарларын қабылдау саны, сапасы, жинақтылығы, ыдыстың, ораманың тұтастығы, таңбалануының болуы, дәрілік затты, медициналық бұйымды медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтың қазақ және орыс тілдерінде болуы бойынша жүргізіледі.
Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және дәріхана ассортиментінің тауарларын қабылдау кезеңдері:
1) ілеспе құжаттаманы тексеру (тауар-көлік жүкқұжаты, шот-фактура, өнімнің сапасын растайтын құжат, санитариялық-гигиеналық қорытынды);
2) дәрілік зат сериясының ілеспе құжаттамада көрсетілген сериямен сәйкестігін тексеру;
3)келіп түскен өнімді көзбен шолып тексеру (сынық, ақау);
4) уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың таңбалануы мен орамасының сәйкестігін тексеру;
5) тасымалдау шарттарының сақталуын тексеру.
Медициналық бұйымдарды қабылдау кезінде әрбір атауға көтерме өнім беруші ілеспе құжаттарда көрсеткен медициналық бұйымды сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтердің моделі (маркасы, модификациясы), партиясы (сериясы) салыстырылады.
Медициналық бұйымдар тікелей медициналық бұйымға және (немесе) тұтынушылық қаптамаға басылған таңбасымен, медициналық бұйымға медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулығымен айналысқа түсуге тиіс.
Қабылдағаннан кейін өнімді қабылдау нәтижелері құжатталады.
Дәрілік заттардың сапасына, ілеспе құжаттарда көрсетілген сериялардың сәйкес келмеуіне, жиынтықтылығының, орамасының, таңбалануының сәйкес келмеуіне немесе саны бойынша жетіспеуіне күмән туған жағдайда, өнімді қабылдауға жауапты тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтерме сауда ұйымының наразылығын жасайды.
Жарамдылық мерзімі өткен, сондай-ақ олардың сапасына қойылатын белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін дәрілік заттар, медициналық бұйымдар және дәріхана ассортиментінің тауарлары қабылдауға жатпайды.
Егер дәрілік заттар, медициналық бұйымдар қабылдау рәсімінен өтпеген болса, мысалы: орамасы бүлінген кезде, егер сапасын растайтын құжаты және (немесе) қажетті ілеспе құжаттамасы және т. б. болмаса, мұндай жағдайларда тауар таңбаланады және басқа дәрілік заттардан оларды сәйкестендіргенге, жеткізушіге қайтарғанға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойғанға дейін бөлек орналастырылады. Заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Көрсетілген тауарға мынадай белгі жапсырылады: "Жауапты сақтауда. Шешім қабылдағанға дейін сақтаңыз".
Қабылдау рәсімі өткізілгеннен кейін өнім кіріске алынады және сатуға рұқсат етіледі.
Сақтау: дәрілік заттар, медициналық бұйымдар, дәріханалық ассортименттегі және дәрілік заттарға, медициналық бұйымдарға жатпайтын тауарлар олардың қауіпсіздігі мен сапасын сақтауды қамтамасыз ететін жағдайларда сақталуы тиіс. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау қағидалары 2021 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің № ҚР ДСМ-19 "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау» қағидалары бұйрығымен регламенттелген.
Босату: дәрілік препаратты дәрігердің рецепті бойынша босату кезінде фармацевт оны жазып берудің белгіленген талаптарына сәйкестігіне бағалау жүргізеді.
Рецептіде жазылған дәрілік затты оның синониміне (генерикалық нысанына) ауыстыру пациенттің келісімімен және (немесе) дәрігердің келісімі бойынша жүргізіледі, бұл ретте рецептінің артқы жағында босатылған дәрілік заттың саудалық атауы көрсетіледі, қолы қойылады және босату күні қойылады.
Дәріхана ұйымдары дәрілік заттарды пайдалануға дайын түрінде және дәрігерлік тағайындауларды орындау үшін қажетті мөлшерде ғана босатуы тиіс.
Дәріханалардан дәрілік заттар зауыттық немесе дәріханалық орамада берілуі тиіс. Қажет болған жағдайда зауыттық қаптаманы бұзуға жол беріледі, блистер орамасынан басқа.
Бұл жағдайда дәріхана қаптамасында міндетті түрде дәрілік заттың атауы, препараттың саны, дозасы, сериясы, жарамдылық мерзімі, қолдану тәсілі және сақтық шаралары көрсетіледі.
Дәріхана ұйымдары жеке тұлғалар бұрын сатып алған дәрілік заттарды қабылдамауға тиіс.
Дәріхана ұйымынан сатылатын барлық дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың мемлекеттік орган бекіткен қазақ және орыс тілдеріндегі қолдану жөніндегі нұсқаулығы (аннотация-қосымша бет) болуы тиіс.
Медициналық бұйымдардың өткізілетін өлшем құралдарында олардың салыстырып тексерілгені туралы, таңба бедері немесе салыстырып тексеру туралы сертификаттар (куәліктер) түріндегі мәліметтер болуға тиіс.
Дәрілік препараттарды босату кезінде фармацевт пациентті дәрілік препаратты қабылдау ережелері туралы хабардар етеді: қабылдау режимі, бір реттік және тәуліктік доза, қабылдау тәсілі, сақтау ережелері.
Медициналық бұйымдарды өлшеу құралдарын босату кезінде фармацевт пациенттке қолдану ережелерің хабарлайды.
автор: Аубакирова У.С.