Меню

Страницы

Статья

Порядок подачи заявления на портал для получения лицензии и (или) приложении к лицензии на фармацевтическую деятельность

Фармацевтикалық қызметке лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін порталға өтініш беру тәртібі

 

 

Көрсетілетін қызметті алушы фармацевтикалық қызметке лицензия алу үшін «Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 15 маусымдағы № ҚР ДСМ-65/2020 бұйрығы бойынша 2, 3, 5, 6-қосымшаға сәйкес және 4-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны бойынша өтінішті электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған (бұдан әрі – ЭЦҚ) Қазақстан Республикасы  Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Департаментіне "электрондық үкімет" порталы арқылы www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі - Портал) жібереді.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы статус көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзімі өтініщті тіркеген сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.

Көрсетілетін қызметті беруші порталда құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері  2 (екі) жұмыс күні ішінде, ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және (немесе) мәліметтер толық болмау фактісі анықталған жағдайда ұсынылған өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді. Өтінішті одан әрі қараудан дәлілді бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде - жауапты қызметкер 12 (он екі) жұмыс күні ішінде өтінішті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 27 бұйрығымен бекітілген фармацевтикалық қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарына және сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестігін немесе сәйкес еместігін қарайды, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 141-бабы 3-тармағының он бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес рұқсат беру бақылауын жүргізеді. Оң шешім болған жағдайда лицензияны ресімдейді және береді немесе теріс шешім болған кезде осы Қағидалардың 14 және 16-тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша көрсетілетін қызметті алушыға дәлелді бас тартуды жібереді.

Мемлекеттік қызметі көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін:

көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны электрондық түрде алу үшін жеке және заңды тұлғаның өтініші;

2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі);

3)фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 554-бабына сәйкес оның орналасқан жері бойынша бюджетке жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төлейді:

 -фармацевтикалық қызметпен айналысу құқығы үшін лицензия беру кезінде 10 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алған кезде:

 -жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынған қызмет түрімен айналысу;

 -лицензиялық алым енгізілмеген;

 -көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмейді;

 -көрсетілетін қызметті беруші тиісті келісуші мемлекеттік органнан көрсетілетін қызметті алушының лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес еместігі туралы жауап алды;

 -көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар;

 -сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот борышкер көрсетілетін қызметті алушыға лицензия беруге уақытша тыйым салады;

 -өтініш беруші лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталса, лицензия беруден бас тартылады.

 

Авторы: Мұрат Э.

Дата публикации
04 апреля 2022
Дата обновления
04 апреля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

10 июня 2026
Есірткі өмірді құртады: оны қолданудың салдары мен заңсыз айналымы үшін жауапкершілік туралы
03 июня 2026
Жоғары медициналық білімі бар түлектерге клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын алу ережелері
Пайдалы ақпарат
28 апреля 2025
Денсаулық сақтау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі негізгі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы