Меню

Страницы

Статья

Медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына сараптама жүргізу кезінде тәуелсіз сарапшыларды тарту қағидалары

Медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына сараптама жүргізу кезінде тәуелсіз сарапшыларды тарту қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-103/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 17 қыркүйекте № 21218 болып тіркелді.

  3) медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына тәуелсіз сараптама – медициналық көрсетілетін қызметтердің тиімділік, толықтылық және стандарттарға сәйкестік көрсеткішін көрсететін индикаторларды пайдалана отырып, денсаулық сақтау субъектілері ұсынатын медициналық көрсетілетін қызметтер сапасының деңгейі туралы қорытынды шығару мақсатында өткізілетін рәсім (бұдан әрі – сараптама);

      4) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган – медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында басшылықты, медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі – мемлекеттік орган);

      5) тәуелсіз сарапшы - уәкілетті орган айқындайтын талаптарға сәйкес келетін және тәуелсіз сарапшылар тізілімінде тұрған жеке тұлға.

  1. Тәуелсіз сарапшыларды тартудың мақсаты:

      1) көрсетілетін медициналық қызметтердің (көмектің) тиімділік, толықтылық, және стандарттарға сәйкестік көрсеткішін көрсететін индикаторларды пайдалана отырып, денсаулық сақтау субъектілері ұсынатын медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасының деңгейі туралы қорытынды шығару;

      2) денсаулық сақтау субъектілерінің кадрлық, материалдық-техникалық ресурстарын оңтайлы пайдалану және заманауи медициналық технологияларды қолдану негізінде пациенттердің қажетті көлемдегі және тиісті сападағы медициналық көмек алу құқықтарын қамтамасыз ету;

      3) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін бағалаудың ашықтығы мен объективтілігін, медицина қызметкерлерінің құзыретін, мамандардың біліктілік деңгейін қамтамасыз ету болып табылады.

  1. Тәуелсіз сарапшылар туралы мәліметтер Кодекстің 8-бабының 18-тармақшасына сәйкес мемлекеттік орган құратын тәуелсіз сарапшылар тізілімінде болады.
  2. Тәуелсіз сарапшы сараптамаға Кодекстің 7-бабының 42-тармақшасына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасына сәйкес оның мамандығын ескере отырып тартылады.

2-тарау. Медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына сараптама жүргізу кезінде тәуелсіз сарапшыларды тарту тәртібі

  1. Тәуелсіз сарапшыларды медициналық қызметтердің (көмек) сапасына ішкі және сыртқы сараптама шеңберінде:

      1) мемлекеттік орган;

      2) қор;

      3) жеке және заңды тұлғалар тартады.

  1. Мемлекеттік орган комиссия құрамында тәуелсіз сарапшыларды:

      1) медициналық қызметтерді (көмек) көрсету саласында Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес мемлекеттік бақылау;

      2) медициналық қызметтердің (көмек) сапасына сыртқы сараптама жүргізу жағдайларында тартады.

  1. Мемлекеттік орган денсаулық сақтау саласында тәуелсіз сараптаманы жүзеге асыратын аккредиттелген денсаулық сақтау субъектісімен (бұдан әрі – аккредиттелген денсаулық сақтау субъектісі) шарт жасасқан сәттен бастап тәуелсіз сарапшыларды комиссия құрамына тартқан кезде қажетті мамандығын көрсете отырып тексеру жүргізу үшін сарапшы(лар)ды ұсыну қажеттілігі туралы сұрау-хат жібереді.

      Аккредиттелген денсаулық сақтау субъектісі тәуелсіз сарапшылар тізілімінде тұратын сұратылған мамандыққа сәйкес күнтізбелік үш күннің ішінде сарапшыларды береді.

      Денсаулық сақтау субъектілеріне тексеру жүргізген кезде мемлекеттік органның маманы сараптама пәні болып табылатын барлық қажетті материалдарды сарапшыға ұсынады. Қажет болған жағдайда олар өтініш иесімен (өтініш иесінің келісуімен) кездесу ұйымдастырады.

  1. Қор тәуелсіз сарапшыларды:

      1) өлім жағдайларын, сирек кездесетін аурулармен емделген жағдайларды, аз мамандандырылған емделген жағдайларды (клиникалық жағдайда), асқынуларымен емделген жағдайларды, Кодекстің 7-бабының 60) тармақшасына сәйкес шетел клиникаларына жіберілген Қазақстан Республикасы азаматтарының шетел клиникаларында өлім жағдайларын қарау кезінде, сондай-ақ нақты жұмсалған шығындар бойынша көрсетілген қызметтерге ақы төлеу кезінде медициналық көмектің сапасын растау қажеттілігі;

      2) көрсетілген медициналық қызметтерге жоспарлы, жоспардан тыс, нысаналы, медициналық-экономикалық мониторингтер жүргізу;

      3) азаматтық процессте тарап ретінде қатысу жағдайларында тартады.

  1. Жеке және заңды тұлғалар азаматтық-құқықтық шартпен айқындалған негіздер мен шарттар бойынша тәуелсіз сарапшыларды тартады.
  2. Тәуелсіз сарапшылар тәуелсіз сараптама жүргізу орнына барып және бармай сараптама жүргізуге тартылады.

      Тәуелсіз сараптама жүргізу орнына бармай сараптама жүргізу ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, оның ішінде сараптаманы жүзеге асыру үшін қажетті медициналық және басқа да құжаттардың көшірмелерін бере отырып қашықтан жүргізіледі.

  1. Мемлекеттік орган тәуелсіз сарапшыларды тартқан кезде "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес аккредиттелген денсаулық сақтау субъектісімен шарт жасасады.
  2. Қор тәуелсіз сарапшыларды тартқан кезде тікелей тәуелсіз сарапшымен немесе аккредиттелген денсаулық сақтау субъектісімен азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жасасады.
  3. Егер:

      1) тексерілетін денсаулық сақтау субъектісімен еңбек немесе шарттық қарым-қатынасы бар болса;

      2) жүргізілетін сараптама нәтижелеріне жеке өзі, тікелей немесе жанама қызғушылық танытса тәуелсіз сарапшылар сараптама жүргізу үшін тартылмайды.

Дата публикации
16 марта 2022
Дата обновления
16 марта 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

10 июня 2026
Есірткі өмірді құртады: оны қолданудың салдары мен заңсыз айналымы үшін жауапкершілік туралы
03 июня 2026
Жоғары медициналық білімі бар түлектерге клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын алу ережелері
Пайдалы ақпарат
28 апреля 2025
Денсаулық сақтау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі негізгі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы