Медициналық қызметті лицензиялау
проблемалық мәселелері
Бүгінгі таңда медициналық қызметке лицензия алу келесі нормативтік құқықтық актілермен реттеледі:
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексі;
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңы;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № ҚР ДСМ-59/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы «Медициналық қызметке лицензия беру мемлекеттік қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» бұйрығы;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 қазандағы № ҚР ДСМ-148/2020 "Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" бұйрығы;
"Денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандырудың ең төменгі стандарттарын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-167/2020 бұйрығы.
Тәжірибеде белгілі болғандай, көрсетілетін қызметті алушылардың бас тартуды алудың негізгі себептері санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының (бұдан әрі – СЭҚ) жоқтығы болып табылады.
Сайтта өтініш беру алдында «www.elicense.kz» «Рұқсаттар», «эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектісіне есептік нөмір беру» деген бөлімде, көрсетілетін қызметті алушы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы"2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшаның 15-тармағына сәйкес лицензияланатын медициналық қызметтің кіші түрлерінің тізбесімен танысуы қажет.
Көрсетілетін қызметті алушы СЭҚ алғаннан кейін алдымен осы рұқсат беру құжатымен танысып, медициналық қызметке лицензия алуға өтініш жібере алады.
Тәжірибе көрсеткендей, көрсетілетін қызметті алушылар СЭҚ жоқ кіші түрлерін жиі таңдайды және осы себепті дәлелді бас тартады.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметке қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, сіздер медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің Қалалық нөмірі 8 7172 49 02 24 бойынша хабарласа аласыз.
Автор: Акумбаев М.