Жоспардан тыс тексеру объектісін, оны жүргізу негіздерін айқындау
Тексеру - мемлекеттік бақылау нысандарының бірі болып табылады. Мемлекеттік органдар мынадай әрекеттердің бірін жасау арқылы жүргізетін: мемлекеттік органның лауазымды адамының тексерілетін объектіге баруы; мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарын жүргізу кезінде қажетті ақпаратты талап етуді қоспағанда, тексеру нысанасына қатысты қажетті ақпаратты сұрату; өзінің талаптарды сақтауы туралы ақпарат алу мақсатында жеке кәсіпкерлік субъектісін шақыру Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары.
Тексерілетін субъектілерді профилактикалық (жоспарлы) және жоспардан тыс тексеру болып бөлінеді.
Бақылау және қадағалау органы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнген тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында нақты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты жоспардан тыс тексеру тағайындау үшін негіз болған нақты фактілер мен мән-жайлар бойынша тағайындайтын тексеру жоспардан тыс тексеру болып табылады.
Бақылау және қадағалау субъектілерін жоспардан тыс тексерудің негіздері:
1) Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижесінде тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында айқындалған анықталған өрескел бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың (қаулылардың, ұсынулардың, хабарламалардың) орындалуын бақылау;
1-1) егер субъект анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты бір реттен артық ұсынбаған және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижесінде тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында айқындалған анықталған елеулі және болмашы бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың (қаулылардың, ұсынулардың, хабарламалардың) орындалуын бақылау; (немесе) бұзушылықтарды жоймаған;
2) оларды жоймау адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге әкеп соғатын, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
3) құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) өтініштерін және мемлекеттік органдардың өтініштерін қоспағанда, адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірілгені туралы нақты фактілер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері; ;
3-1) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы"Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес өлімнің басталуы туралы ақпарат (шұғыл хабарлама);
4) құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) өтініштері негіз болып табылады;
5) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері бойынша не зиян келтіру қатері туралы прокуратура органдарының тапсырмалары; ;
6) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері бойынша, сондай-ақ оларды жоймау адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге әкеп соғатын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша Мемлекеттік органдардың өтініштері;
7) тексеруді жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат алу мақсатында бақылау және қадағалау субъектісінің азаматтық-құқықтық қатынастары болған үшінші тұлғаларға қатысты қарсы тексеру болып табылады;
8) бақылау және қадағалау субъектісінің бастапқы тексерумен келіспейтіні туралы өтінішіне байланысты қайта тексеру жатады;
9) қылмыстық қудалау органының Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша тапсырмасы;
10)салық төлеушінің өтініштері, "салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалған мәліметтер мен мәселелер; ;
11) Алып тасталды-ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
12) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының, адамның өміріне, денсаулығына және мекендеу ортасына қауіп төндіретін гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайларда өнімді іріктеу және санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері;
13) эпидемияның, карантиндік объектілер және аса қауіпті зиянды организмдер ошақтарының, инфекциялық, паразиттік аурулардың, уланулардың, радиациялық авариялардың туындауы немесе туындау қатері және таралуы туралы Денсаулық сақтау субъектісі беретін ақпарат (шұғыл хабарлама).
Жоспардан тыс тексерулер анонимдік өтініштер болған жағдайларда жүргізілмейді.
Автор: Төлтебаева Ж.А.