Нұр-Сұлтан қаласының
фармацевтикалық ұйымдарына
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті дәрілік заттар айналысы саласындағы маман сертификатын алу үшін келесіні хабарлайды.
Денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатын алуға үміткерлер өтініштерін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне электронды үкіметтің www.egov.kzжәне www.elicense.kz веб-порталы арқылы жібереді.
Алайда қазіргі уақытта техникалық себептермен электронды үкіметтің веб-порталы жұмыс істемейді.
Осыған байланысты дәрілік заттар айналысы саласындағы маман сертификатын алуға жіберген құжаттарыңызды Департаменттің қарау мүмкіндігі болмай тұр.
Портал ақаулықтарын жойғаннан кейін Сізге Департаменттің сайты арқылы және басқа электронды құрал байланысы арқылы қосымша хабарланады.
Осыған қоса денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатын беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет тек электронды үкіметтің www.egov.kz және www.elicense.kz веб-порталы арқылы көрсетілетінін хабарлаймыз.