Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің
2021 жылғы 1 тоқсанда мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің көрсетілуі туралы
аналитикалық анықтама
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті(бұдан әрі - Департамент) ҚР Үкіметінің 06.06.2019 ж. №380қаулысымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінесәйкес мемлекеттік қызметтердің 7 түрін көрсетеді:
- «Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкелуге (әкетуге) келісім және (немесе) тұжырымдама (рұқсат құжатын) беру»;
- «Фармацевтикалық қызметке лицензия беру»;
- «Денсаулық сақтау саласындағы есірткі заттар, психотроптық құралдар мен прекурсорлар айналысы саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру»;
- «Медициналық қызметке лицензия беру»;
- «Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру»;
- "Шетелдік маманға клиникалық практикаға жіберу үшін сертификат беру"»;
- «Туыстық емес трансплантаттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының үлгілерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін, донорлық лимфоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру».
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ кодексіне; «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V заңына; «Фармацевтикалық қызмет саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетудің кейбір сұрақтары туралы» ҚР денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 15 маусымдағы № ҚР ДСМ-65/2020 бұйрығы(бұдан әрі - №65 бұйрық);«Қазақстан Республикасы аумағына дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар әкелу және «Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды әкелуге (әкетуге) келісім және (немесе) тұжырымдама (рұқсат құжатын) беру» «Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету ережелерін бекіту туралы»ҚР ДСМ 2020 жылғы 8 желтоқсандағы№ ҚР ДСМ-237/2020 бұйрығы;«Рұқсат құжаттары және ескертулер туралы» ҚР 2014 жылғы 16 мамырдағы заңы; «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы нысандарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелер» ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы №232 бұйрығы; «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау ережелерін бекіту туралы» ҚР ДСМ 2021 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-19 бұйрығына сәйкес көрсетіледі; «Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданылуын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде медициналық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығы»; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-218/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттауға жататын мамандықтар мен маманданулар тізбесін бекіту туралы" бұйрығы; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен маманданулардың номенклатурасын, Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы бұйрығы»; «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының, гемопоэздік дің жасушаларының, сүйек кемігінің, донорлық лимфоциттердің, жыныстық жасушалар мен эмбриондардың үлгілерін әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № ҚР ДСМ-177/2020 бұйрығы.
Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қыззметтер сұранысқа ие және олар тек электрондық үлгіде www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі –электрондық портал) веб-портал арқылы көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер уақтылы, қызмет алушымен тікелей жүздеспей, олардық құқықтарын, ерігі мен заңды мүдделерін бұзбай көрсетіледі.
2021 жылғы 1 тоқсанда 2021 жылғы 1 қаңтардан 31 наурызға дейін Департаментке портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қыззметтерді алуға 2365 өтініш түсті:
1)ҚР-нда тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттардымен медициналық бұйымдар әкелуге (әкетуге) келісім алуға – 14. Әкелуге (әкетуге) берілген рұқсаттар – 10, уәжделген бас тартулар – 4.
Уәжделген бас тартулардың негізгі себептері:
- құжаттар топтамасы толық емес - мемлекеттік немесе орыс тіліне аудармасымен инвойстың (ілеспе қағаздың) электрондық көшірмесі ұсынылмаған;
- Департамент құзыретіне кірмейтіндіктен (төтенше жағдайлар салдарының алдын алу және/немесе жою үшін) ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті жүзеге асырады;
- әкететін дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың атаулары көрсетілмеген.
2) фармацевтикалық қызметке лицензиялар беруге - 91. Берілді/келісілді – 69, уәжделген бас тартулар – 22.
Уәжделген бас тартулардың негізгі себептері:
- біліктілік талаптарға сәйкес болмау;
- аумақтық департамент дұрыс таңдап алынбаған;
- тоңазыту жабдығының болмауы;
- орынжайдың сызба нобайы ұсынылмаған.
3) Денсаулық сақтау саласындағы есірткі заттар, психотроптық құралдар мен прекурсорлар айналысы саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру– 9.
Берілді – 8;
Уәжделген бас тарту – 1(құзыреттен тыс шағымдану, өйткені есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды тасымалдаудың лицензиары - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі).
4) клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру:
Берілді: 1006, бас тартылды: 857
5) клиникалық практикаға жіберу үшін шетелдік маманға сертификат беру:
Берілді: 3, бас тартылды:13
6) медициналық қызметке лицензия беру:
Берілді: 112, Бас Тартылды: 256
Дәлелді бас тартудың негізгі себептері:
- үміткердің мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
- үміткердің және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
- құжаттар пакеті толық емес.
7) Туыстық емес трансплантаттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының үлгілерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін, донорлық лимфоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру
Берілді: 4
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер алуға түскен 2365 өтініштің бәрі Департаментпен бекітілген мерзімде қарастырылып, барлық өтінімдер қанағаттандырылды немесе олар бойынша уәжделген бас тартулар берілді.
Департамент мемлекеттік көрсетілетін қызметтердіңуақтылы және сапалы көрсетілуін қамту мақсатында тұрақты негізде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді.
- Департаменттің қызмет алушыларға арналған (https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-nur-sultan?lang=ru) сайтының «Құжаттар» бөлігінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты нормативтік-құқықтық актілер орналастырылған, Департаменттің жұмыс кестесі мен азаматтарды қабылдау кестесі, консультация алу үшін телефон нөмірлері көрсетілген. Сайттағы ақпарат халық қажеттілігіне қарай қолжетімді;
- Департамент мамандары биязы түрде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді реттейтін бұйрықтарды түсіндіріп беретін (8(7172) 49-06-31 сенім телефоны орналастырылған.
2021 жылғы 1 тоқсанда Департаментте мамандармен «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету сапасы және уәкілетті органдарға уақтылы есеп беру» тақырыбына 1 жұмысшы кеңес өткізілді (хаттамасы қосымша). Жоспар-кестеге сәйкес айына 2 рет Департамент қызметкерлері үшін «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V заңын қоса оқытатын жаппай оқу өткізіледі..
Есепті мерзімде өтінім иелерінен Департаментке көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына қатысты ауызша және жазбаша өтініштер түскен жоқ.