Меню

Страницы

Статья

Есірткі өмірді құртады: оны қолданудың салдары мен заңсыз айналымы үшін жауапкершілік туралы

Нашақорлық – қазіргі қоғамның ең күрделі әлеуметтік мәселелерінің бірі. Есірткіге тәуелділік адамның физикалық және психикалық денсаулығына ауыр зардаптар әкеледі, қылмыстың өсуіне, қоғамның еңбек әлеуетінің төмендеуіне, отбасылық құндылықтардың бұзылуына және демографиялық жағдайдың нашарлауына ықпал етеді. Кәмелетке толмағандар мен жастардың заңсыз есірткі тұтынуы мен таратуына тартылуы ерекше алаңдаушылық тудырады.

Есірткі заттары адамның барлық дерлік ағзалары мен жүйелеріне жойқын әсер етеді. Оларды қолдану жүрек-қантамыр жүйесінің, мидың, бауырдың, бүйректің және тыныс алу мүшелерінің жұмысында бұзылуларға әкеледі. Тәуелді адамдарда ауыр созылмалы аурулардың, психикалық бұзылыстардың, депрессияның дамуы, сондай-ақ мезгілсіз өлім қаупі айтарлықтай артады.

Әсіресе синтетикалық есірткілер өте қауіпті, себебі олар жоғары уыттылығымен ерекшеленеді және тіпті бірнеше рет қолданғаннан кейін-ақ жылдам тәуелділік қалыптастыра алады. Олардың химиялық құрамы көбінесе тұтынушыға белгісіз болып келеді, бұл ауыр улану мен өлімге әкелу қаупін едәуір арттырады.

Есірткі құралдары мен психотроптық заттардың медициналық мақсатта қолданылатын және қатаң бақылауда болатын тізімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 шілдедегі №470 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізімін, Заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды шағын, ірі және аса ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестені, Есірткі, психотроптық заттардың құрылымдық формулаларындағы сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарын алмастырғыштар тізімін бекіту туралы» құжатымен бекітілген, атап айтқанда көрсетілген Тізімнің II, III және IV кестелерімен реттеледі.

Қосымша хабарлаймыз, дәріханалық ұйымдарда дәрілік заттардың құрамында сатылатын күшті әсер ететін заттар, оның ішінде Тропикамид, Прегабалин, Сибутрамин, Циклопентолат, Тригексифенидил, Клозапин және Левомепромазин сияқты препараттар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы №120 бұйрығымен бекітілген «Адам  өмірі мен денсаулығына зиянды әсер тигізетін,  күшті әсер ететін заттардың тізбесін бекіту туралы» арқылы айқындалған.

Есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымы және оларды тұтыну ұлттық қауіпсіздікке, қоғамдық тәртіпке, халық денсаулығына және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі қауіп төндіреді. Нашақорлықтың таралуы құқықбұзушылықтардың, жол-көлік оқиғаларының, өндірістегі жазатайым жағдайлардың және қоғамдық тұрақтылыққа әсер ететін өзге де жағымсыз құбылыстардың көбеюіне әкеледі.

Заңнамалық жауапкершілік:

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістерге байланысты, 2025 жылғы 2 қаңтардағы №150-VIII ҚРЗ «Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтарының, прекурсорлардың және күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының 2-бабына сәйкес, осы Заң алғашқы ресми жарияланған күннен кейін алпыс күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді, 1-баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларын, 3-тармақтың 1) тармақшасын, 5-тармақтың алтыншы абзацын қоспағанда, олар 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Заңның 1-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, «301-бап. Прекурсорлардың, уытты, күшті әсер ететін заттардың, сондай-ақ есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын, прекурсорларды, уытты және күшті әсер ететін заттарды өндіруге, дайындауға немесе өңдеуге арналған заттардың, құралдардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы. Есірткі құралдары, психотроптық заттар, олардың аналогтары, прекурсорлар, уытты және күшті әсер ететін заттар болып табылмайтын прекурсорларды, күшті әсер ететін, сондай-ақ уытты заттарды, сондай-ақ есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын, прекурсорларды, уытты және күшті әсер ететін заттарды өндіруге, дайындауға немесе өңдеуге арналған заттарды, құралдарды немесе жабдықтарды заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту» 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтарының, прекурсорлардың және күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымы үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 301-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Дата публикации
10 июня 2026
Дата обновления
10 июня 2026
Тип

Сейчас читают

10 июня 2026
Есірткі өмірді құртады: оны қолданудың салдары мен заңсыз айналымы үшін жауапкершілік туралы
03 июня 2026
Жоғары медициналық білімі бар түлектерге клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын алу ережелері
Пайдалы ақпарат
28 апреля 2025
Денсаулық сақтау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі негізгі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы