«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау объектілеріне қатысты бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Денсаулық сақтау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі негізгі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бақылау қызметінің әртүрлі кезеңдерінде туындауы мүмкін.
Негізгі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және олардың алдын алу жолдары:
Департамент тұрақты негізде жүргізетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу жолдары/іс-шаралары:
- Тексеру жоспарлары мен олардың нәтижелерін ресми ресурстарда ашық жариялау.
- Тексерулерді басқарудың электрондық жүйелерін пайдалану (тексерулердің бірыңғай тізілімі).
- Кездейсоқ таңдау принципі бойынша тексерушілерді автоматты түрде бөлу.
- Бақылаушы органдардың қызметкерлеріне арналған тұрақты тренингтер мен курстар.
- Мүдделер қақтығысын анықтау және алдын алу тетіктерін оқыту.
- Қала мен республиканың әртүрлі медициналық ұйымдарының тексерулеріне бейінді мамандар мен тәуелсіз медициналық сарапшыларды тарту.
- Тексерушілердің әрекеттері мен тексерулеріне шағымдар үшін кері байланыс.
- Сыбайлас жемқорлық көріністері үшін тәртіптік және қылмыстық ықпал ету шараларын қабылдау.
Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде туындауы мүмкін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, сондай-ақ лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты сақтауы Департаментте ерекше бақылауда болады. Қызметкерлермен тұрақты негізде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтау бойынша Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қызметкерлерінің қатысуымен профилактикалық әңгімелер, оқыту семинарлары өткізіледі.