Меню

Страницы

Статья

Дәріхана ашу үшін қажетті нормативтік-құқықтық құжаттардың тізбесі

Фармацевтикалық қызметке лицензия алу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаментіне (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы ЭЦҚ-мен куәландырылған фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы өтініш пен мәліметтер нысанын жібереді.

Көрсетілетін қызметті алушы фармацевтикалық қызметпен айналысу құқығы үшін заңды тұлғаның тіркелген жері бойынша бюджетке 10 АЕК (2024 жылға – 36920тг)  мөлшерінде лицензиялық алым төлейді.

Анықтама: деректемелерге лицензиялық алымды төлеу: КБК 105402; КНП-911.

Өтініш пен құжаттар порталға келіп түскен күні көрсетілетін қызметті беруші оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.  Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

Лицензия беру кезінде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі өтініш тіркелген сәттен бастап 15 жұмыс күнін құрайды.

Көрсетілетін қызметті беруші тіркелген сәттен бастап алғашқы 2 жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің толықтығын тексереді.

Көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде көрсетілетін қызметті беруші лицензияны ресімдейді және береді. Лицензия портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" департамент басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту еркін нысанда жіберіледі.

 

Ұсынылатын құжаттар, жабдықтар мен жиһаздардың тізбесі:

1) заңды және жеке тұлғалар үшін – дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейтін санитарлық  қағидаларға сәйкес келетін меншік немесе жалға алу немесе мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құқығындағы үй-жай немесе ғимараттың болуы.

2) заңды және жеке тұлғалар үшін – нормативтік құқықтық актілерге сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасын бақылауды және оларды өндіру, дайындау,  сақтау және өткізу шарттарының сақтауды қамтамасыз етуге арналған  жабдық пен жиһаз, мүкәммал, аспаптар мен аппаратура болуы;

- Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтауға арналған стеллаждар, тұғырлар, тауар қойғыштар, шкафтар, тоңазытқыш жабдықтар (температуралық режимдерді сақтау үшін кемінде : +2 - +8; +8 - +15), өлшеу аспаптары  (термометрлер, гигрометрлер),  жұмыскерлер саны бойынша сыртқы және арнайы киімдерді бөлек сақтауға арналған шкафтар, сақтауға арналған шкаф таңбаланған жинау мүкәммалы және басқа да дәріхана жабдықтары)

 

3) Заңды тұлғаны құрмастан, фармацевтикалық қызметпен айналысуға үміткерлердің жеке тұлғалар үшін фармацевтикалық білімі - жоғары немесе орта  фармацевтикалық білімі (үш жылдан кем емес мамандығы бойынша жұмыс өтілі).

Фармацевтикалық қызметтің мәлімделген кіші түрлері бойынша соңғы 5 (бес) жыл ішінде мамандандыру немесе біліктілікті арттырудың басқа түрлерін жетілдіру және жетілдіру.

 

Дәріхана үй-жайының ауданы кемінде 30 ш. м. болуы тиіс.:

- Витриналар мен персоналдың жұмыс орындарын орналастыру аймағы-кемінде 7 ш. м.

- Халыққа қызмет көрсету аймағы-кемінде 8 ш. м.

- Сақтау үй-жайының көлемі: оның ішінде қабылдау-экспедициялық, қосалқы қор 9 ш. м. кем емес.

-Қызметтік және тұрмыстық үй-жайлар: 1) меңгерушінің кабинеті 2) персонал бөлмесі 3) персоналға арналған киім-кешек бөлмесі 4) жинау мүкәммалын сақтайтын қойма 5) санитариялық торап кемінде 6 ш. м.

 

Дәріхананың барлық бөлмелері оқшауланған болуы керек.

 

Дата публикации
22 февраля 2024
Дата обновления
22 февраля 2024
Тип

Сейчас читают

10 июня 2026
Есірткі өмірді құртады: оны қолданудың салдары мен заңсыз айналымы үшін жауапкершілік туралы
03 июня 2026
Жоғары медициналық білімі бар түлектерге клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын алу ережелері
Пайдалы ақпарат
28 апреля 2025
Денсаулық сақтау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі негізгі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы