Меню

Страницы

Статья

Тиісті дәріханалық тәжірибесі (GPP) – бұл халықаралық стандарт

Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодекске сәйкес дәрілік заттар айналымы саласындағы тиісті фармацевтикалық тәжірибелер - бұл дәрілік заттардың өмірлік циклінің барлық кезеңдеріне қолданылатын денсаулық сақтау саласындағы стандарттар.

Тиісті дәріхана тәжірибесінің стандарты-бұл пациенттерге дәрілік заттардың сапасын қамтамасыз ету және дәріхана қызметкерлерінің фармацевтикалық қызметтерді тиісті деңгейде көрсетуі мақсатында әзірленген ережелер жиынтығы болып табылады.

Дәріхана тәжірибесінің стандартын енгізу үшін дәріхана ұйымдары белгілі бір амалдар жасауы керек. Ең алдымен, дәріхана басшылығы тиісті шешім қабылдап, сапа жүйесін енгізудің мақсаттары мен тәртібін анықтауы керек. Келесі маңызды қадам-сапа жүйесін қалыптастыруға жауапты адамды белгілеу. Дәріхананың барлық қызметкерлері қойылған мақсаттарды, міндеттерді нақты және түбегейлі түсінуі керек және әркім өз құзыреті шегінде сапа жүйесін қалыптастыруға қатысуы тиіс.

Стандарттарды енгізудің негізгі кезеңі-сапа нұсқаулығын және стандартты операциялық процедураларды әзірлеу, яғни жеке процестерді құжаттау, олардың арасындағы әрбір қадамды стандартты операциялық процедуралар түрінде анықтау. Стандартты операциялық процедураларда сипатталған міндеттер мен кезеңдерді орындау тәртібі нақты орындалатын тәртіпке сәйкес келуі маңызды. Дәріханада сапа жүйесін енгізу кезінде бір маңызды ерекшелікті ұмытпау керек, егер қандай да бір рәсім құжаттамада сипатталмаса, онда ол орындалмайды. Сондықтан барлық процедураларға арнайы стандартты операциялық процедуралар тағайындалуы қажет.

Тиісті мамандардың үздіксіз білімін арттыру GPP стандарттарын енгізудің ажырамас бөлігі болып табылады. Құқықтық база үнемі өзгеріп отыруына байланысты, жаңа дәрі-дәрмектер пайда болуы және адамның өз- өзінің кәсіби дағдылары мен білімін жетілдіруі мақсатында қызметкерлерді үздіксіз оқыту жүргізіліп отыруы шарт. Мұндай оқытулар – GPP бойынша тренингтер мен оқыту семинарларын осы салада құзыретті білікті мамандар өткізуі маңызды.

Дәріхана ұйымдарының басшылары біздің мемлекетіміздің денсаулық сақтау саласындағы халықаралық стандарттарға көшудегі саясатын түсінуі және қолдауы тиіс.

Дата публикации
09 января 2024
Дата обновления
09 января 2024
Тип

Сейчас читают

10 июня 2026
Есірткі өмірді құртады: оны қолданудың салдары мен заңсыз айналымы үшін жауапкершілік туралы
03 июня 2026
Жоғары медициналық білімі бар түлектерге клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын алу ережелері
Пайдалы ақпарат
28 апреля 2025
Денсаулық сақтау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі негізгі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы