Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызметті адал және лайықты атқарудың үлгісі болып табылатын Департаменттің мемлекеттік қызметшісі – Фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлімінің басшысы, Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі А. Утпинов туралы мақала

Мемлекеттік қызметті адал және лайықты атқарудың үлгісі болып табылатын Департаменттің мемлекеттік қызметшісі – Фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлімінің басшысы, Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі А. Утпинов туралы мақала

 

Барлық мүдделі тұлғалардың назарына:

 

Бізге Әбдірахман Жақыпұлымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша Департаментінде жұмыс істеген көп жылдық тәжірибесі барысында тығыз жұмыс істеуге қолайлы мүмкіндік берілді.

Әбдірахман Жақыпұлының ұжымда өзін көпшіл, шынайы адам және лайықты мемлекеттік қызметші ретінде танытқанын хабарлауға қуаныштымыз.

Утпинов Әбдірахман елордамыздың – Астана қаласының Денсаулық сақтау жүйесін дамытуға елеулі үлес қосты.

Әбдірахман Жақыпұлы 1959 жылы туған, қазақ, жоғары фармацевтикалық білімі бар, 1986 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының Шымкент қаласындағы филиалын бітірген. Институтты бітіргеннен кейін Маңғыстау облысындағы №11 орталық аудандық дәріханада аға провизор болып жұмыс істеді.

2007 жылғы тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінде жұмыс істейді.

13 жылдан астам мемлекеттік қызметте жұмыс істеген барлық уақытында өзін фармацевтика ісінің білікті ұйымдастырушысы және кәсіби маманы, жоғары білікті санаттағы Фармацияның провизор-менеджері ретінде көрсетті.

Әбдірахман Жақыпұлының еңбек өтілі 1987 жылы басталды. Өзінің көп жылғы адал еңбегі, жоғары іскерлік және адами қасиеттері үшін әріптестері арасында құрметке ие болды және Комитет төрағасы мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің алғыс хаттары мен Құрмет грамоталарына бірнеше рет ұсынылды.

Әбдірахман Жақыпұлы жаңа бастамаларды жиі қолға алып, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы саяси реформаларын іске асырудағы оқиғалардың дамуына ықпал етті. Онымен бірлескен жұмыс Департамент қызметкерлеріне де, көрсетілетін қызметті алушыларға – фармацевтикалық индустрияның Денсаулық сақтау субъектілеріне де рахат сыйлайды. Департаментке Әбдірахман Жақыпұлының адал, риясыз және сауатты еңбегі үшін бірнеше рет алғыс хаттар келіп түсті.

Әбдірахман Жақыпұлы Департаменттің және өзге де мемлекеттік органдардың барлық қызметкерлерімен тамаша қарым-қатынаста болды, және өз кезегінде барлық қызметкерлер оған әрқашан үлкен құрметпен қарады.

Осыған байланысты, Департамент басшысының 2022 жылғы 8 тамыздағы № 05-0083н/қ бұйрығына сәйкес, мемлекеттік қызметті лайықты атқарғаны және ұжымда салауатты психологиялық-эмоционалдық ахуал құра білгені үшін, Әбдірахман Жақыпұлы Әдеп жөніндегі уәкіл туралы Ереженің қатаң талаптарына сәйкес, Әдеп жөніндегі уәкіл болып тағайындалды.

Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметті адал және лайықты атқарудың үлгісі болып табылады.

Дата публикации
08 июня 2023
Дата обновления
08 июня 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

10 июня 2026
Есірткі өмірді құртады: оны қолданудың салдары мен заңсыз айналымы үшін жауапкершілік туралы
03 июня 2026
Жоғары медициналық білімі бар түлектерге клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын алу ережелері
Пайдалы ақпарат
28 апреля 2025
Денсаулық сақтау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі негізгі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы