№ 526-НҚ от 01.12.2025

«Месопраль, ішекте еритін қатты капсулалар 20 мг және 40 мг» дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Төрағасының 2025 жылғы 14 қарашадағы №513-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Месопраль, ішекте еритін қатты капсулалар 20 мг және 40 мг» дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Төрағасының 2025 жылғы 14 қарашадағы № 513-НҚ бұйрығына (бұдан әрі - Бұйрық) мынадай өзгеріс енгізілсін:

1) 1-тармақтың 2-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

« 2) «Месопраль, ішекте еритін қатты капсулалар 40 мг», ҚР-ДЗ-5№022685, тіркеу куәлігін ұстаушының атауы «Химфарм» АҚ, Қазақстан».    

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Негіздеме: «Химфарм» акционерлік қоғамдастығының 2025 жылғы                                     23 қазандағы №459 хаты.

Дата публикации
03 декабря 2025