«Зербакса, инфузия үшін ерітінді
дайындауға арналған ұнтақ 1000 мг/500 мг»
дәрілік заттың тіркеу куәлігін
кері қайтарып алу туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан
Республикасы Кодексінің 10-бабының 7) тармақшасына, 259-бабының 1-
тармағының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрінің міндетін атқарушысы 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды
қолдануды тоқтата тұру, тыйым салу немесе айналымнан алып қою не қолдануды
шектеу қағидаларының 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес (Нормативтік
құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906 тіркелген),
БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі дәрілік заттардың тіркеу куәліктері кері қайтарылсын:
1) «Зербакса, Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 1000
мг/500 мг», ҚР-ДЗ-5№023383, тіркеу куәлігін ұстаушының атауы «Мерк Шарп и
Доум ИДЕА ГмбХ», Швейцария;
2) «Зербакса, Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 1000
мг/500 мг», ҚР-ДЗ-5№023384, тіркеу куәлігін ұстаушының атауы «Мерк Шарп и
Доум ИДЕА ГмбХ», Швейцария.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық
және фармацевтикалық бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет)
Фармацевтикалық қызметті бақылау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін
қызметтер басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бір күннің
ішінде жазбаша (еркін) нысанда Комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, дәрілік
Дата: 11.11.2025 09:45. Копия электронного документа. Версия СЭД: Documentolog 7.22.2. Положительный результат проверки ЭЦП
Рег.№ Д-629 Рег.дата 24.11.2025 Копия электронного документа. Дата: 25.11.2025 08:49. Версия СЭД: Documentolog 7.22.2. Положительный результат
проверки ЭЦП
2
заттардың тіркеу куәлігінің иесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар
айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына (бұдан әрі-сараптама
ұйымы) хабарласын.
3. Комитеттің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған
күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың
денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да
мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;
2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау Комитет төрағасының жетекшілік
ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Негіздеме: «Мерк Шарп и Доум ИДЕА ГмбХ» 2025 жылғы
15 қазандағы №188-R хаты.