№ 484-НҚ от 31.10.2025

«Кейбір дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің күшін тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасы міндетін атқарушысының 2025 жылғы 22 қазандағы № 469-НҚ бұйрығының күшін жою туралы

 

 

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңы
65-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Кейбір дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің күшін тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушысың 2025 жылғы 22 қазандағы № 469-НҚ бұйрығының күші жойылсын.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Фармацевтикалық қызметті жоспардан тыс бақылау басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық бөлімшелерін және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымын және «СҚ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жазбаша (еркін) түрде хабардар етсін.
  3. Комитеттің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) хабарлауды;

2) мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды қамтасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын Комитеттің жетекшілік ететін төраға орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Негіздеме: Комитеттің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның 2025 жылғы 24 қазандағы
№ 44-08-2155/3566, 2025 жылғы 29 қазандағы № № 44-08-2169/3566, № 44-08-2173/3578, «Келун-Казфарм» (Келун-Казфарм) жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2025 жылғы 23 қазандағы № 136/Р мен № 10602, 2025 жылғы 26 қазандағы № 10603 хаттары, «Келун-Казфарм» (Келун-Казфарм) жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің түзету және алдын алу шаралары жоспарының толықтығы мен нәтижелілігі және оны орындау туралы есеп бойынша бағалау есебі, түзету және алдын алу шараларының жоспары және оны орындау туралы есебі.

Дата публикации
05 ноября 2025