«Медициналық бұйымның сериясының (партиясының) медициналық қолданылуын тоқтату және қолданыстан алып тастау туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төраға міндетін атқарушысының 2025 жылғы 1 қазандағы №444-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 65-бабы 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қан сарысуындағы (плазмасындағы) С гепатиті вирусына (СГВ) антиденелерді имунноферменттік анықтауға арналған «антиСГВ-ИФТ» реагенттер жинағы сериясы №: 5011/1, жарамдылық мерзімі 02.2027 ж., «ХЕМА» ЖШҚ өндірушісі, Ресей, ҚР-ММБ-0№023470 медициналық бұйымның сериясының (партиясының) медициналық қолданылуы тоқтатылсын және қолданыстан алып тасталсын.»;
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;
2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды;
3) Комитетке осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Негіздеме: Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің 2025 жылғы 18 тамыздағы 25-28-1-25/908-И шығыс хаты, Комитеттің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның 2025 жылғы 13 тамыздағы № 39.4.2-16-1636/2500 шығыс хаты және 2025 жылғы 12 тамыздағы №ПС-22/25 сынақ хаттамасы.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Медициналық және
фармацевтикалық бақылау
комитеті төрағасы Б. Жүсіпов
Согласовано
16.10.2025 17:44 Раймкулова Гаухар Ушкемпиркызы
16.10.2025 17:46 Байтубаев Еркебулан Нургалиевич
16.10.2025 18:13 Мукатаева Жанна Адильхановна
Подписано
16.10.2025 19:52 Джусипов Бауыржан Алишерович