№ 444-НҚ от 01.10.2025

Медициналық бұйымның сериясының (партиясының) медициналық қолданылуын тоқтату және қолданыстан алып тастау туралы

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 13) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 13-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Қағидалар), БҰЙЫРАМЫН:

  1. «АнтиВГС-ИФА «қан сарысуындағы (плазмасындағы) С гепатиті вирусына антиденелерді иммуноферментті анықтауға арналғанреагенттер жинағы» сериясы №: k110/5011/1, жарамдылық мерзімі 02.2027 ж., «ХЕМА» ЖШҚ өндірушісі, Ресей, ҚР-ММБ-0№023470 медициналық бұйымның сериясының (партиясының) медициналық қолданылуы тоқтатылсын және қолданыстан алып тасталсын.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Фармацевтикалық қызметті жоспардан тыс бақылау басқармасы (бұдан әрі – Комитет) осы шешім қабылданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық бөлімшелерін және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымын (бұдан әрі – Сараптама ұйымы), «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамға және «СҚ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жазбаша (еркін) түрде хабардар етсін.
  3. Сараптама ұйымы осы шешімді алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-282/2020 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасына бағалау жүргізу қағидаларының 10 және
    11-тармақтарына сәйкес медициналық бұйымға берілген сәйкестік сертификаты қайтарсын.
  4. Комитетінің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты
    алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;

2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды;

3) Комитетке осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында, сондай-ақ
 5-тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде медициналық бұйымды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2020 жылғы 27 қазандағы № ҚР ДСМ-155/2020 бұйрығымен бекітілген Жарамсыз болып қалған, жарамдылық мерзімі өткен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, жалған және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін басқа да дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жою қағидаларының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес сериясы (партиясы) тоқтата тұрылған медициналық бұйымды арнайы бөлінген сақтау орнына орналастырсын.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын Комитеттің жетекшілік төраға орынбасары жүктелсін.
  3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

          Негіздеме: Комитеттің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның 2025 жылғы 18 тамыздағы  
 № 25-28-1-25/908 шығыс хаты; 2025 жылғы 12 тамыздағы №ПС-22/25 сынақ хаттамасы.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Медициналық және

фармацевтикалық бақылау

комитеті төрағасының

міндетін атқарушы                                                      Н. Айманов

 

 

 

 

 

Согласовано

30.09.2025 07:34 Раймкулова Гаухар Ушкемпиркызы

30.09.2025 11:33 Байтубаев Еркебулан Нургалиевич

30.09.2025 16:01 Кельдинова Аида Дулатовна

Подписано

30.09.2025 21:10 Айманов Нурлан Багдаулетович

Дата публикации
09 октября 2025