№ 395-НҚ от 19.08.2025

«Квентиакс®, үлбірлі қабықпен

қапталған  таблеткалар, 25 мг, 100 мг,

200 мг және 300 мг» дәрілік

заттың тіркеу куәлігін

кері қайтарып алу туралы

 

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 7) тармақшасына, 259-бабының                      1-тармағының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысы 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, тыйым салу немесе айналымнан алып қою не қолдануды шектеу қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906 тіркелген), БҰЙЫРАМЫН:

  1. Келесі дәрілік заттардың тіркеу куәліктерін кері қайтарылсын:
  • «Квентиакс®, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 25 мг» тіркеу куәлігін ұстаушы КРКА, д.д., Ново место, Словения, ҚР-ДЗ-5№017052;
  • «Квентиакс®, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 100 мг» тіркеу куәлігін ұстаушы КРКА, д.д., Ново место, Словения, ҚР-ДЗ-5№017053;
  • «Квентиакс®, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 200 мг» тіркеу куәлігін ұстаушы КРКА, д.д., Ново место, Словения, ҚР-ДЗ-5№017054;
  • «Квентиакс®, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 300 мг» тіркеу куәлігін ұстаушы КРКА, д.д., Ново место, Словения, ҚР-ДЗ-5№017055.
  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Фармацевтикалық қызметті бақылау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап жұмыс бір күннің ішінде жазбаша (еркін) нысанда Комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, дәрілік заттардың тіркеу куәлігінің иесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына (бұдан әрі-сараптама ұйымы) хабарласын.
  2. Комитеттің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;

2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау Комитет төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

Негіздеме: «КРКА Казахстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі                        2025 жылғы  28 шілдедегі № 070-ОР хаты.

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Медициналық және

фармацевтикалық бақылау

комитетінің төрағасы                                                              Б.  Жүсіпов                                        

 

 

 

 

 

 

 

 

Согласовано

15.08.2025 11:27 Кусаинов Саят Нурланович

15.08.2025 12:55 Раймкулова Гаухар Ушкемпиркызы

18.08.2025 16:29 Туйебаева Динара Махмуткызы

Подписано

18.08.2025 20:22 Джусипов Бауыржан Алишерович

Дата публикации
09 октября 2025