№ 382-НҚ от 12.08.2025

Дәрілік заттың тіркеу куәлігінің қолданылуын қайта қалпына келтіру туралы

 

 

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 65-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Ново Нордиск А/С, Дания өндірген «Левемир® ФлексПен®»
    № ҚР-ДЗ-5№016810 дәрілік заттың тіркеу куәлігінің қолданылуын қайта қалпына келтірілсін.
  2. «Дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің күшін тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасы міндетін атқарушысың 2024 жылғы 1 қарашадағы № 470-НҚ бұйрығының күші жойылсын.
  3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Фармацевтикалық қызметті жоспардан тыс бақылау басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық бөлімшелерін және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымын және «СҚ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жазбаша (еркін) түрде хабардар етсін.
  4. Комитеттің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) Ново Нордиск А/С, Дания өндірген «Левемир® ФлексПен®» № ҚР-ДЗ-5№016810 дәрілік затын тоқтатуды алып тастау туралы хабарлауды;

2) Ново Нордиск А/С, Дания өндірген «Левемир® ФлексПен®» № ҚР-ДЗ-5№016810 дәрілік затын тоқтатуды алып тастау туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды қамтасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын Комитеттің жетекшілік төраға орынбасары жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Негіздеме: Фармацевтикалық инспекторат және интеграция басқармасының 2024 жылғы 2 шілдедегі № -0/37416-вн қызметтік жазбасы және Комитеттің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның 2025 жылғы 17 маусымдағы
№ 44-08-938/И, «Ново Нордиск Казахстан» ЖШС-ның 2025 жылғы 17 маусымдағы № 764 хаттары және «Левемир® ФлексПен®, 100 ЕД/мл, тері астына енгізуге арналған ерітінді» дәрілік препараттың пайда-тәуекел арақатынасы жөніндегі сараптама қорытындысы.

Дата публикации
18 августа 2025