Жергілікті атқарушы/Орталық мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында Сыбайлас жемқорлық картограммасын өзектендіру жөнінде ЕСЕП

Жергілікті атқарушы/Орталық мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында
Сыбайлас жемқорлық картограммасын өзектендіру жөнінде

ЕСЕП

 

 

№

Сыбайлас жемқорлық картограммасының бөлімі

Бөлімді өзектендіру жөнінде ақпарат

1

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырайтын лауазымдар

Фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік қызметтер бөлімі

Медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімі

 

2

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің тізбесі

1. Мемлекеттік қызметтер көрсету

1.1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің атауы:

Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде қызмет алушының бөлімнің лауазымды тұлғасымен байланысы.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы:

Қызмет алушы өз еркімен түсініктеме алу үшін бөлімге жүгінеді: мемлекеттік қызметті алу шарттары мен тәртібі, сондай-ақ НҚА талаптары бойынша.

 

Тәуекелді жоюға арналған ұсыным:

Денсаулық сақтау саласындағы рұқсат құжаттарын беру бойынша бас тартулар санын азайту үшін іс-шаралар ұйымдастыру, «Ашық есік күні» іс-шараларын өткізу ұсынылады.

 

2. Мемлекеттік қызметті уақытылы қабылдамау

2.1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің атауы:

Мемлекеттік қызмет көрсету: «Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына және осы мемлекеттерге ҚР аумағынан адамның биологиялық материалдарының, гематопоэтикалық дің жасушаларының, сүйек кемігінің, донорлық лимфоциттердің, жыныс жасушалары мен эмбриондардың үлгілерін алып кіруге/шығаруға қорытындылар (рұқсат құжаттары) беру» қызметі бойынша лицензияны/рұқсатты және қосымшаларды қайта ресімдеуге кешіктіру.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы:

Қызмет көрсету мерзімін бұзу. Аталған мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін НҚА-мен сәйкестендіру мақсатында «НИТ» АҚ-на ұсыныс беру.

 

Тәуекелді жоюға арналған ұсынымдар:

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтер бөлімі қызметкерлері үшін тұрақты негізде семинарлар өткізу.

 

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы нормаларын түсіндіру бойынша семинарлар өткізу.

 

3. Келісуші мемлекеттік органның мемлекеттік қызметті келісу тәртібін уақытылы жүзеге асырмауы

3.1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің атауы:

«Лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде келісуші мемлекеттік органның жауабы уақытында берілмейді.

 

Сипаттамасы:

Өндірістік базасы орналасқан өңірдің аумақтық департаментінен өтінім түскен күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде келісу қажет болғанымен, жауап 11–15 күндері жолданады. Бұл – сыбайлас жемқорлық тәуекелін және мерзімін өткізіп алған қызметкерлердің жауапкершілігін арттырады.

 

Ұсыным:

Астана қаласы бойынша келісуші органдарға, сондай-ақ УПН ДП-ға «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 25-бабы 2-тармағына сілтеме жасап, түсіндірме хат жолдау.

 

4. Біліктілікті арттыру туралы құжаттың түпнұсқалығын тексеру мүмкіндігінің болмауы

4.1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің атауы:

«Мамандардың сертификатын беру» қызметі бойынша, соңғы 5 жылдағы біліктілікті арттыру туралы куәліктер сұратылады. Алайда, үміткерлер жиі қате толтырылған, мөрлері анық емес, мамандықтары дұрыс көрсетілмеген куәліктер ұсынады.

 

Тәуекелді жоюға арналған ұсыным:

Білім беру ұйымдары біліктілікті арттыру куәліктерінің базасын жаңартып, e.license порталына интеграциялауы қажет.

 

5. Өтінімнің орналасу орны бойынша есеп журналының жүргізілмеуі

5.1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің атауы:

Өтінімді өзіне қайтарып (қосымша пысықтау үшін), өңдеудің электронды жүйесінде қадағалау мүмкіндігі жоқ.

 

Сипаттамасы:

«Медициналық қызметке лицензия және (немесе) қосымша беру» мемлекеттік қызметі бойынша өтінімнің орналасуы туралы есеп жүргізілмейді.

 

Ұсыным:

e.license ішкі порталында өтінімді автоматты түрде кері қайтарып, пысықтауға беру функциясын енгізу.

 

6. Мемлекеттік қызметті уақытылы көрсетпеу

6.1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің атауы:

—

 

Сипаттамасы:

—

 

Ұсынымдар:

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзған орындаушыны тәртіптік жауапкершілікке тарту.

 

Апта сайын мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен қағидалары бойынша семинар өткізу.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама қағидаларымен таныстыру бойынша хаттамалық жиналыс өткізу.

 

Қосымша іс-шаралар:

 

2024 жылғы 21 қарашада №55 бұйрықпен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің қызметкері Рахымжан Адильхан Құттымбетұлының қатысуымен мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі бойынша оқыту семинары өтті.

 

2024 жылғы 28 қарашада №50 бұйрықпен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің офицері А.Ансағанованың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында семинар өтті.

 

7. Мемлекеттік қызметке өтінімдердің 17:30-дан кейін түсуі

7.1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің атауы:

Өтінім қабылданған уақытты бұйрықпен сәйкестендіру қажет

Сипаттамасы:

17:30-дан кейін 18:30-ға дейін түскен өтінімдер келесі жұмыс күні тіркеледі. Бұл – қызмет көрсету мерзімін түсінуге кедергі келтіреді.

Ұсыным:

Қазақстан Республикасының бірыңғай уақыт белдеуіне көшуіне байланысты өтінім қабылдау уақытын нақтылау үшін портал әзірлеушісіне жүгіну.

8. Өтінімдерді келісуге жолдау

8.1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің атауы:

Өтінімдерді келісуші мемлекеттік органға 2 жұмыс күні ішінде жолдамау.

Сипаттамасы:

ҚР ДСМ-нің 2022 жылғы 16 мамырдағы №ҚР ДСМ-45 бұйрығына сәйкес, өтінім тіркелгеннен кейін 2 жұмыс күні ішінде келісуші мемлекеттік органға сұраныс жіберілуі тиіс. Бірақ кей жағдайда 3-күні ғана жолданады.

Ұсынымдар:

Қызметкерлердің бұйрық талаптарын толық меңгеруін қамтамасыз ету.

Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын білу бойынша тест өткізу.

 

9. Қайталама бас тартулар

9.1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің атауы:

Қызмет алушы қайталап жүгінгенде қайтадан бас тарту алады.

Сипаттамасы:

e.license порталын тексеру барысында бір себеппен бірнеше мәрте бас тарту фактілері анықталған. Жаңа ескертулер де қосылады.

Ұсыным:

Қызмет алушылармен кері байланысты күшейту: телефон арқылы, жеке кеңеске шақыру арқылы, түсінікті тілде НҚА талаптарын түсіндіру. «Бір терезе» қағидаты бұзылып отыр.

 

 

 

Дата публикации
17 июля 2025