№ 127-НҚ от 19.02.2025

№ 127-НҚ от 19.02.2025

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

 

МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ

 

МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

КОМИТЕТ МЕДИЦИНСКОГО И ФАРМАЦЕВТИЧЕСКОГО КОНТРОЛЯ

 

 

 

 

 

 

БҰЙРЫҚ

 

ПРИКАЗ

№                                                     

 

Астана қаласы                                                                                                                                                                                       город Астана

 

 

 

 

Дәрілік заттардың серияларын (партияларын) медициналық қолданылуын тоқтату және қолданыстан алып тастау туралы

 

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі 10-бабының 13) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 13-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906 болып тіркелген) сәйкес (бұдан әрі – Қағидалар), БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес дәрілік заттардың сериялары (партиялары) медициналық қолданылуы тоқтатылсын және қолданыстан алып тасталсын.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Фармацевтикалық қызметті жоспардан тыс бақылау басқармасы (бұдан әрі – Комитет) осы шешім қабылданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық бөлімшелерін және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымын (бұдан әрі – Сараптама ұйымы), «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамға және «СҚ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жазбаша (еркін) түрде хабардар етсін.
  3. Сараптама ұйымы осы шешімді алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-282/2020 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасына бағалау жүргізу қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21836 болып тіркелген) (бұдан әрі – Сапаны бағалау қағидалары) 10 және 11-тармақтарына сәйкес, дәрілік заттарға берілген сәйкестік сертификаттарын қайтарсын.
  4. Комитетінің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты
    алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;

2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды;

3) Комитетке осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында, сондай-ақ
5-тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2020 жылғы 27 қазандағы № ҚР ДСМ-155/2020 бұйрығымен бекітілген Жарамсыз болып қалған, жарамдылық мерзімі өткен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, жалған және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін басқа да дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жою қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21533 болып тіркелген) 4-тармағына сәйкес медициналық қолдануға тыйым салынған және айналыстан алынған дәрілік заттардың серияларын (партияларын) арнайы бөлінген сақтау орнына орналастырсын.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

         Негіздеме: Комитеттің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның 2024 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 26-14-1669/И, 2025 жылғы 23 қаңтардағы № 26-14-86/И хаты және 2024 жылғы 18 желтоқсандағы № OP-257/24, 2025 жылғы 21 қаңтардағы № OP-817/24,
№ OP-818/24 және № OP-819/24 Сынақ хаттамасы.

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Медициналық және

фармацевтикалық бақылау

комитеті төрағасынының

міндетін атқарушы                                                   А. Кенжеханова

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Медициналық және

фармацевтикалық бақылау

комитеті төрағасының

міндетін атқарушы 2025 жылғы _

 ___ ақпандағы № _____

бұйрығына қосымша

 

Айналымнан алуға және медициналық қолдануға тыйым салынған дәрілік заттар серияларының (партияларының) тізбесі

 

№ п/п

Тіркеу куәлігінің нөмірі

Дәрілік заттардың атауы

Өндіруші, ел

Серия (партия) нөмірі

1.

ҚР-ДЗ-5№025651

Метапреднилон, Таблеткалар, 4 мг, 10 таблеткадан пішінді ұяшықты қаптамада.

3 пішінді ұяшықты қаптамадан картон қорапшада

Стерил-Жене Лайф Сайэнсиз (П) Лтд, ҮНДІСТАН

Сериясы HS4002А, 01.2026 ж. Дейін жарамды

2.

ҚР-ДЗ-5№025649

Метапреднилон, Таблеткалар, 16 мг, 10 таблеткадан пішінді ұяшықты қаптамада.

3 пішінді ұяшықты қаптамадан картон қорапшада

Стерил-Жене Лайф Сайэнсиз (П) Лтд, ҮНДІСТАН

Сериясы HU3001А, 05.2025 ж. Дейін жарамды

3.

ҚР-ДЗ-5№025650

Метапреднилон, Таблеткалар, 8 мг, 10 таблеткадан пішінді ұяшықты қаптамада.

3 пішінді ұяшықты қаптамадан картон қорапшада

Стерил-Жене Лайф Сайэнсиз (П) Лтд, ҮНДІСТАН

Сериясы НТ4001А, 03.2026 ж. Дейін жарамды

4.

ҚР-ДЗ-0№025768с

Дезлоратадин-ТК,Шәрбат,0.5 мг/мл,60 мл препараттан шыны құтыға салынады. 1 құтыдан картон қорапшада

«ТК Фарм Актобе» ЖШС

200723 сериясы,  сақтау мерзімі 20.07.2025 ж. - 5300 қапт.

 

 

Согласовано

14.02.2025 09:12 Байтубаев Еркебулан Нургалиевич

19.02.2025 14:04 Исмухаметов Асет  Куандыкович

Подписано

19.02.2025 18:15 Кенжеханова  Алмагуль Жумахановна

Дата публикации
24 февраля 2025