№ 113-НҚ от 12.02.2025

№ 113-НҚ от 12.02.2025

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

 

МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ

 

МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

КОМИТЕТ МЕДИЦИНСКОГО И ФАРМАЦЕВТИЧЕСКОГО КОНТРОЛЯ

 

 

 

 

 

 

БҰЙРЫҚ

 

ПРИКАЗ

№                                                     

 

Астана қаласы                                                                                                                                                                                       город Астана

 

«Дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің күшін тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасының міндетін атқарушының 2024 жылғы 1 қазандағы № 470-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің күшін тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасынының міндетін атқарушының 2024 жылғы 9 қазандағы № 438-НҚ бұйрығына
    (бұдан әрі – Бұйрық) мынадай өзгеріс енгізілсін:

Бұйрықпен бекітілген Тоқтата тұруға жататын дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің тізбесінде:

реттік нөмірлері 1, 2, 3, 4 және 5-жолдар алып тасталсын.

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің
    (бұдан әрі – Комитет) Фармацевтикалық қызметті бақылау басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық бөлімшелерін және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымын (бұдан әрі – Сараптама ұйымы), «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамын және «СҚ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін жазбаша (еркін) түрде хабардар етсін.
  2. Сараптама ұйымы осы шешімді алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес дәрілік заттарға берілген тіркеу куәліктері және өнімнің сәйкестік сертификаттарының қолданысын қайта бастасын.
  3. Комитетінің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты
    алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес дәрілік заттарын тоқтатуды алып тастау туралы хабарлауды;

2) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес дәрілік заттарын тоқтатуды алып тастау туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды;

3) Комитетке осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

         Негіздеме: Фармацевтикалық инспекторат және интеграция басқармасының 2025 жылғы 5 ақпандағы № -0/6086-вн қызметтік жазбасы, Комитеттің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның 2025 жылғы 29 қаңтардағы № 44-08-145/244 және «AVCARE LTD» (АВКЕЙР ЛТД) жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2025 жылғы 10 қаңтардағы № 10/01/-2 хаттары.

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Медициналық және

фармацевтикалық бақылау

комитеті төрағасынының

міндетін атқарушы                                                   Е. Байтубаев

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Медициналық және фармацевтикалық

бақылау комитеті міндетін

атқарушысының 2025 жылғы _

 ___ ақпандағы № _____

бұйрығына қосымша

 

Қалпына келтіруге жататын дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің тізбесі

 

№ п/п

Тіркеу куәлігінің нөмірі

Дәрілік заттың атауы

Өндіруші, ел

1

ҚР-ДЗ-5№121933

Тугина, инъекцияға арналған ерітінді, 100мг/мл

Тулип Лаб Привате Лимител, Индия

2

ҚР-ДЗ-5№023930

Тугина, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 500 мг

Тулип Лаб Привате Лимител, Индия

3

ҚР-ДЗ-5№013356

Инфенак, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 100 мг

Тулип Лаб Привате Лимител, Индия

4

ҚР-ДЗ-5№022234

АЗО 250, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 250 мг

Тулип Лаб Привате Лимител, Индия

5

ҚР-ДЗ-5№022242

АЗО 500, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 500 мг

Тулип Лаб Привате Лимител, Индия

 

 

Согласовано

11.02.2025 15:02 Ордабекова Жанара Капешевна

11.02.2025 17:21 Исмухаметов Асет  Куандыкович

Подписано

11.02.2025 20:15 Байтубаев Е.Н. ((и.о Кенжеханова  А. Ж.))

Дата публикации
24 февраля 2025