БҰЙЫРАМЫН:
- «Дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің күшін тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасынының міндетін атқарушының 2024 жылғы 1 қарашадағы № 470-НҚ бұйрығына
(бұдан әрі – Бұйрық) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ново Нордиск А/С, Дания өндірген № ҚР-ДЗ-5№016810 «Левемир® ФлексПен®» дәрілік заттың тіркеу куәлігінің қолданылуы тоқтата тұрылсын.».
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің
(бұдан әрі – Комитет) Фармацевтикалық қызметті бақылау басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық бөлімшелерін және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымын (бұдан әрі – Сараптама ұйымы), «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамын және «СҚ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін жазбаша (еркін) түрде хабардар етсін.
- Сараптама ұйымы осы шешімді алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Ново Нордиск А/С, Дания өндірген № ҚР-ДЗ-5№011432 «ГлюкаГен® 1 мг ГипоКит» дәрілік затқа берілген тіркеу куәлігі және өнімнің сәйкестік сертификатының қолданысын қайта бастасын.
- Комитетінің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты
алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;
2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды;
3) Комитетке осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негіздеме: «Ново Нордиск Қазақстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2024 жылғы 25 қарашадағы № 576 және Комитеттің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның 2024 жылғы 8 қарашадағы № 21-08-12536/ОЗ-И хаттары және ГлюкаГен® 1 мг ГипоКит дәрілік препараттың пайда-тәуекел арақатынасы жөніндегі сараптама қорытындысы.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Медициналық және
фармацевтикалық бақылау
комитеті төрағасынының
міндетін атқарушы А. Кенжеханова
Согласовано
11.12.2024 09:36 Байтубаев Еркебулан Нургалиевич
11.12.2024 15:56 Исмухаметов Асет Куандыкович
Подписано
12.12.2024 10:50 Кенжеханова Алмагуль Жумахановна