БҰЙЫРАМЫН:
- «Кейбір медициналық бұйымдардың тіркеу куәліктерінің күшін тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының 2024 жылғы 29 ақпандағы № 62-НҚ бұйрығына (бұдан әрі – Бұйрық) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тоқтата тұруға жататын медициналық бұйымның тіркеу куәліктерінің тізбесінде:
реттік нөмірі 3-жол алып тасталсын.
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің
(бұдан әрі – Комитет) Фармацевтикалық қызметті бақылау басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық бөлімшелерін және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымын (бұдан әрі – Сараптама ұйымы), «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамын және «СҚ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін жазбаша (еркін) түрде хабардар етсін.
- Сараптама ұйымы осы шешімді алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде «Eco Pharm KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Қазақстан өндірген № ҚР-ММБ-5№016441 «Жүрек тропонинін анықтауға арналған экспресс тест» медициналық бұйымға берілген тіркеу куәлігі және өнімнің сәйкестік сертификаттарының қолданысын қайта бастасын.
- Комитетінің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты
алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;
2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды;
3) Комитетке осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негіздеме: «ECO Pharm KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
№ ЗТ-2024-06039535 өтініші, 2024 жылғы 20 қарашадағы № 10, Комитеттің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның 2024 жылғы 25 қарашадағы № 21-10-2493/4206 хаттары және 2024 жылғы 11 қарашадағы № 170823 Медициналық бұйымның қауіпсіздігі, сапасы мен тиімділігі туралы қорытындысы.
Исполняющий обязанности
Председателя
Комитета медицинского и
фармацевтического контроля
Министерства здравоохранения
Республики Казахстан А. Кенжеханова
Согласовано
10.12.2024 15:20 Байтубаев Еркебулан Нургалиевич
10.12.2024 15:27 Исмухаметов Асет Куандыкович
Подписано
10.12.2024 18:22 Кенжеханова Алмагуль Жумахановна