«Кейбір дәрілік заттарды тіркеу куәліктерінің қолданылуын қайта қалпына келтіру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы 2024 жылғы 19 қарашадағы № 514-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Кейбір дәрілік заттарды тіркеу куәліктерінің қолданылуын қайта қалпына келтіру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы 2024 жылғы 19 қарашадағы № 514-НҚ бұйрығына (бұдан әрі – Бұйрық) мынадай өзгеріс енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тоқтата тұруға жататын дәрілік заттарды тіркеу куәліктерінің тізбесінде:

реттік нөмірлері 11, 13, 20, 21, 22, 23, 24 және 36-жолдар алып тасталсын.

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің
    (бұдан әрі – Комитет) Фармацевтикалық қызметті бақылау басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық бөлімшелерін және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымын (бұдан әрі – Сараптама ұйымы), «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамын және «СҚ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін жазбаша (еркін) түрде хабардар етсін.
  2. Сараптама ұйымы осы шешімді алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде № ҚР-ДЗ-5№025021 «Медоцеф, вена ішіне және бұлшықет ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, 1 г»,
    № ҚР-ДЗ-5№121700 «Архимакс, вена ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, 1000 мг», № ҚР-ДЗ-5№025190 «Медаксон, Бұлшықет ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ еріткішпен жиынтықта (лидокаин гидрохлориді 1% ерітіндісі)», № ҚР-ДЗ-5№025197 «Медаксон, вена ішіне және бұлшықет ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, 1 г», №ҚР-ДЗ-5№02519 «Медаксон, вена ішіне және бұлшықет ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, 2 г», №ҚР-ДЗ-5№025232 «Зибан, вена ішіне және бұлшықет ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, 2 г», №ҚР-ДЗ-5№025233 «Зибан, вена ішіне және бұлшықет ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, 1 г» және № ҚР-ДЗ-5№014457 «Медофлюкон, капсулалар, 150 мг» дәрілік заттарды берілген тіркеу куәліктері және өнімнің сәйкестік сертификаттарының қолданысын қайта бастасын.
  3. Комитетінің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты
    алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;

2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды;

3) Комитетке осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

         Негіздеме: «Registrarius» ЖК № Reg/Out/8591 2024 жылғы 22 қарашадығы және Reg/Out/8594 2024 жылғы 25 қарашадығы өтініштері, 2024 жылғы 29 қарашадағы № -0/39383-вн қызметтік жазба.

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Медициналық және

фармацевтикалық бақылау

комитеті төрағасынының

міндетін атқарушы                                                   А. Кенжеханова

 

 

Согласовано

29.11.2024 18:32 Исмухаметов Асет  Куандыкович

29.11.2024 18:46 Байтубаев Еркебулан Нургалиевич

Подписано

29.11.2024 18:46 Кенжеханова  Алмагуль Жумахановна

Дата публикации
12 декабря 2024