«EgovKzBot2.0»

Құрметті Елорда тұрғындары мен қонақтары!

         Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша Департаменті - мемлекеттік қызметтерден түсетін шағымдар мен ұсыныстарға жедел әрекет ету мақсатында «EgovKzBot2.0» ресми бот-платформасы арқылы «Электрондық үкімет» веб-порталы Telegramm мобильді қосымшасы, «Мемлекеттік органға өтініш беру» түймесі орнатылғанын хабарлайды.

         Бұл платформа қызмет алушыларға мемлекеттік қызметтерді көрсетуге шағым түсіру, олардың сапасын арттыру және мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту бойынша ұсыныстар білдіру тетіктерін ұсынады. Бүгінгі таңда «EgovKzBot2.0» арқылы 26-дан астам қызмет қолжетімді. Қызметтерді алу үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның болуы қажет емес, телефон нөміріңіз мобильді азаматтар базасында тіркелген болса жеткілікті.

         Telegram іздеу жолағына @EgovKzBot2.0 енгізіңіз және электрондық цифрлық қолтаңбасыз қызметтерді алыңыз.

Дата публикации
06 июня 2024