«Дәрілік заттар және медициналық бұйымдардың сериялары (партиялары) тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 82-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

№ 136-НҚ от 29.04.2024

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

 

МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ

 

МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

КОМИТЕТ МЕДИЦИНСКОГО И ФАРМАЦЕВТИЧЕСКОГО КОНТРОЛЯ

 

 

 

 

 

 

БҰЙРЫҚ

 

ПРИКАЗ

№                                                     

 

Астана қаласы                                                                                                                                                                                       город Астана

 

«Дәрілік заттар және медициналық бұйымдардың сериялары (партиялары) тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 82-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Дәрілік заттар және медициналық бұйымдардың сериялары (партиялары) тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 82-НҚ бұйрығына
    (бұдан әрі – Бұйрық) мынандай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 13) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидалары 13-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906 болып тіркелген) сәйкес (бұдан әрі – Қағидалар), БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тоқтатыла тұруға және айналыстан алуға жататын дәрілік заттар және медициналық бұйымдардың серияларының (партияларының) тізбесінде реттік нөмірлері 24 және 25-жолдар алып тасталсын.

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің
    (бұдан әрі – Комитет) Фармацевтикалық қызметті бақылау басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық бөлімшелерін және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымын (бұдан әрі – Сараптама ұйымы), «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамын және «СҚ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін жазбаша (еркін) түрде хабардар етсін.
  2. Сараптама ұйымы осы шешімді алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Бұйрыққа қосымшадан алынып тасталған дәрілік заттарға берілген өнімнің сәйкестік сертификатының қолданысын қайта бастасын.
  3. Комитетінің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты
    алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;

2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды;

3) Комитетке осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитеттің жетекшілік ететін төраға орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

         Негіздеме: «Аббот Казахстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
№ ЗТ-2024-03589261 өтініші және 2024 жылғы 2 сәуірдегі № 107 хаты және Комитеттің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның 2024 жылғы 23 сәуірдегі № 15-05-699/1218 хаты.

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Медициналық және

фармацевтикалық бақылау

комитеті төрағасының

міндетін атқарушы                                                   Л. Ахметнияз

 

Согласовано

29.04.2024 16:42 Кенжеханова  Алмагуль Жумаханова

29.04.2024 17:07 Исмухаметов Асет  Куандыкович

29.04.2024 17:16 Кабденов Алишер Кайратович

Подписано

29.04.2024 19:50 Ахметнияз Л. М. ((и.о Искаков Н.З.))

Дата публикации
03 мая 2024