Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының «Дәрілік заттарды тіркеу куәліктерінің қолданылуын тоқтата тұру туралы» 2024 жылғы 29 ақпандағы № 61-НҚ бұйрығының күшін жою туралы және дәрілік заттың сериясының қолданылуын тоқтата тұру туралы

№ 87-НҚ от 28.03.2024

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

 

МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ

 

МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

КОМИТЕТ МЕДИЦИНСКОГО И ФАРМАЦЕВТИЧЕСКОГО КОНТРОЛЯ

 

 

 

 

 

 

БҰЙРЫҚ

 

ПРИКАЗ

№                                                     

 

Астана қаласы                                                                                                                                                                                       город Астана

 

 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының «Дәрілік заттарды тіркеу куәліктерінің қолданылуын тоқтата тұру туралы» 2024 жылғы 29 ақпандағы № 61-НҚ бұйрығының күшін жою туралы және дәрілік заттың сериясының қолданылуын тоқтата тұру туралы  

 

 

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының
63-бабының 3-тармағына сәйкес «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 13) тармақшасына, 259-бабы 1- тармағының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 3-тармағының
8 тармақшасына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906 болып тіркелген) сәйкес (бұдан әрі – Қағидалар) БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) төрағасының 2024 жылғы 29 ақпандағы № 61-НҚ «Дәрілік заттарды тіркеу куәліктерінің қолданылуын тоқтата тұру туралы» бұйрығының күші жойылсын.
  2. «Султан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өндірісінің
    «Повидон-Йод, сыртқа қолдануға арналған 1% ерітінді, 1000 мл шыны немесе пластик құтыда» тіркеу куәлігі № ҚР-ДЗ-5№020418 дәрілік заттының сериясын күші жойылсын.
  3. Комитетін Фармацевтикалық қызметті бақылау басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық бөлімшелерін және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымын (бұдан әрі – Сараптама ұйымы), «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамға және «СҚ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жазбаша (еркін) түрде хабардар етсін.
  4. Сараптама ұйымы осы шешімді алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-282/2020 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасына бағалау жүргізу қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21836 болып тіркелген) 10 және 11-тармақтарына сәйкес, медициналық бұйымдарға берілген өнімдердің сәйкестік сертификаттарының қолданылуын тоқтата тұрылсын.
  5. Комитетінің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты
    алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;

2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды;

3) Комитетке осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында, сондай-ақ
5-тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде медициналық бұйымдарды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-19 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21533 болып тіркелген) 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес сериясы (партиясы) тоқтата тұрылған медициналық бұйымды зертханалық сынақтардың нәтижелерін алғанға дейін арнайы бөлінген сақтау орнына орналастырсын.
  2. Тіркеу куәлігін ұстаушы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап 150 (жүз елу) күн ішінде тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізуге құқылы
  3. Осы бұйрықтың орындалуын Комитеттің жетекшілік төраға орынбасары жүктелсін.
  4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. Негіздеме: Комитеттің Фармацевтикалық инспекторат және интеграциялау басқармасының 2023 жылғы 22 қарашадағы № -0/32346-вн хаты және №  -0/7233-вн сәйкессіздіктер хаттамасы.

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Медициналық және

фармацевтикалық бақылау

комитетінің төрағасы                                                        Н. Ысқақов

 

Согласовано

19.03.2024 21:35 Кенжеханова  Алмагуль Жумаханова

20.03.2024 08:46 Исмухаметов Асет  Куандыкович

20.03.2024 12:10 Кулшанов Эрик Каиргалиевич

Подписано

28.03.2024 09:47 Искаков Нұрлан Зайкешұлы

Дата публикации
03 апреля 2024