Медициналық бұйымдардың сериялары (партиялары) тоқтата тұру туралы

№ 70-НҚ от 05.03.2024

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

 

МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ

 

МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

КОМИТЕТ МЕДИЦИНСКОГО И ФАРМАЦЕВТИЧЕСКОГО КОНТРОЛЯ

 

 

 

 

 

 

БҰЙРЫҚ

 

ПРИКАЗ

№                                                     

 

Астана қаласы                                                                                                                                                                                       город Астана

 

Медициналық бұйымдардың сериялары (партиялары) тоқтата тұру туралы

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 13) тармақшасына, 259-бабы
1-тармағының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидалары 3-тармағының 1) тармақшасына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906 болып тіркелген) сәйкес
(бұдан әрі – Қағидалар), БҰЙЫРАМЫН:

  1. Зертханалық сынақтардың нәтижелерін алғанға дейін
    № ҚР-МБ (ММБ)-0№023901 «Бір рет қолданылатын, стерильді, полиуретаннан жасалған BURNSHIELD күйікке қарсы таңғышы: өлшемі: 100мм х 100мм.» Бэрншилд (Пти) Лтд, Оңтүстiк Африка Республикасы, сериясы 5999, 07.2027 ж. дейін жарамды, 3500 қапт. және ҚР-ММБ-5№003238 «Бір рет қолданылатын, стерильді, Юнона аспирациялық гинекологиялық түтігі, диаметрі 6 мм.», Симург Медицинское предприятие ЖАҚ, Беларусь, сериясы 2023-11, 11.2026 ж. дейін жарамды, 1200 қапт медициналық бұйымдардың серияларын (партияларын) тоқтата тұрылсын.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Фармацевтикалық қызметті бақылау басқармасы (бұдан әрі – Комитет) осы шешім қабылданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық бөлімшелерін және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымын (бұдан әрі – Сараптама ұйымы), «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамға және «СҚ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жазбаша (еркін) түрде хабардар етсін.
  3. Сараптама ұйымы осы шешімді алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-282/2020 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасына бағалау жүргізу қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21836 болып тіркелген) 10 және
    11-тармақтарына сәйкес, медициналық бұйымға берілген сәйкестік сертификаты тоқтата тұрылсын, сондай-ақ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасына бағалау жүргізу қағидаларының 43-тармағына сәйкес зертханалық сынақтар жүргізілсін.
  4. Комитетінің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты
    алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;

2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды;

3) Комитетке осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында, сондай-ақ
5-тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде медициналық бұйымдарды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2020 жылғы 27 қазандағы № ҚР ДСМ-155/2020 бұйрығымен бекітілген Жарамсыз болып қалған, жарамдылық мерзімі өткен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, жалған және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін басқа да дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жою қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21533 болып тіркелген) 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес сериясы (партиясы) тоқтата тұрылған медициналық бұйымды зертханалық сынақтардың нәтижелерін алғанға дейін арнайы бөлінген сақтау орнына орналастырсын.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын Комитеттің жетекшілік төраға орынбасары жүктелсін.
  3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

         Негіздеме: Комитеттің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның 2024 жылғы 21 ақпандағы
№ 26-14-219/И және 2024 жылғы 27 ақпандағы № № 26-14-245/И хаттары.

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Медициналық және

фармацевтикалық бақылау

комитетінің төрағасы                                                        Н. Ысқақов

 

Согласовано

01.03.2024 17:06 Исмухаметов Асет  Куандыкович

01.03.2024 17:07 Кабденов Алишер Кайратович

01.03.2024 20:34 Кенжеханова  Алмагуль Жумаханова

04.03.2024 11:48 Кулшанов Эрик Каиргалиевич

Подписано

04.03.2024 23:16 Искаков Нұрлан Зайкешұлы

Дата публикации
14 марта 2024