|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ |
МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
КОМИТЕТ МЕДИЦИНСКОГО И ФАРМАЦЕВТИЧЕСКОГО КОНТРОЛЯ |
|||
|
010000, Астана қ., Есіл ауд., Мəңгілік Ел даңғылы, 8-үй, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс тел: +7 (7172) 74-34-50 e-mail: kmfk@dsm.gov.kz |
|
010000, г. Астана, пр. Мангилик Ел 8, Дом министерств, 13 подъезд, тел.: +7 (7172) 74-34-50 e-mail: kmfk@dsm.gov.kz |
||
_ шығ.№25/440-И 08 ақпан 2024 жыл__№________
ҚР ДСМ Медициналық және
фармацевтикалық бақылау
комитетінің аумақтық департаменттеріне
(тізім бойынша)
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің медициналықжәне фармацевтикалық бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) келесіні хабарлайды.
DariKZ мобильді қосымшасы Қазақстан Республикасының азаматтарына дәрілік заттарға жағымсыз әсерлері туралы өз бетінше хабарлауға, бұл ақпаратты онлайн режимде жеделдікпен қабылдауға және ақпараттың бастапқы дереккөзі ретінде тұрғылықты халықпен өзара байланысуға мүмкіндік береді.
Қосымшаның жаңа қызметі дәрілік заттардың қауіпсіздігін бақылау жүйесінің тиімді құралы ретінде қызметін атқарады, сонымен қатар әлеуметтік желілер арқылы келетін пікірлер мен шағымдардың санын азайтады.
Осыған байланысты, халық арасында DariKZ мобильді қосымшасының мүмкіндіктері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу шеңберінде республиканың медициналық ұйымдардың (ауруханалар, емханалар, дәріханалар) стендтеріне, интернет-ресурстарға және әлеуметтік желілердегі парақшаларға мобильді қосымшаны жүктеуге арналған QR-код орналасқан плакаттарды орналастыруды, сондай-ақ әзірленген бейнероликтерді медициналық ұйымдардың ғимараттарындағы мониторларда және әлеуметтік желілердегі парақшаларда ротацияға орналастыруды тапсырады.
Тапсырманың орындалуы туралы ақпаратты (дәлелді фото, бейнелермен бірге) 2024 жылғы 20 ақпанға дейін Комитетке жіберу қажет екенін хабарлайды.
Плакаттар мен бейнероликтерді сілтемеден жүктеуге болады: https://disk.yandex.ru/d/nFJF3VjaJEiaaw
Төраға орынбасары А. Кенжеханова
Орынд.: С.Жайықбай
Тел. 74-11-79