№ 1-НҚ от 03.01.2024
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ
МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
КОМИТЕТ МЕДИЦИНСКОГО И ФАРМАЦЕВТИЧЕСКОГО КОНТРОЛЯ
БҰЙРЫҚ
ПРИКАЗ
№
Астана қаласы город Астана
Тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу және кейбір дәрілік заттарды айналыстан алу туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысы 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, тыйым салу немесе айналымнан алып қою не қолдануды шектеу қағидаларына сәйкес (тіркелген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906), «Ново Нордиск Казахстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2023 жылғы 28 қарашадағы № 105 хаты негізінде, БҰЙЫРАМЫН:
Сараптама ұйымы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнімнің сәйкестік сертификатын кері қайтарып алу туралы шешім ресімдеп, сараптама ұйымының ақпараттық жүйесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазбалар енгізсін.
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;
2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Медициналық және
фармацевтикалық бақылау
комитетінің төрағасының
міндетін атқарушы Л. Ахметнияз
Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрілігі
Медициналық және фармацевтикалық
бақылау комитеті төрағасы
міндетін атқарушысының
2023 жылғы ___ желтоқсандағы
№ ____ бұйрығына қосымша
Кері қайтарып алуға және айналыстан алуға жататын дәрілік заттардың тіркеу куәліктері
|
Тіркеу куәлігінің нөмірі |
Тіркелген күні |
Дәрілік заттың атауы |
Өндіруші, мемлекет |
|
№ ҚР-ДЗ-5№003379 |
29.01.2016 |
Актрапид® НМ, инъекцияға арналған ерітінді, 100 ХБ/мл |
Ново Нордиск А/С, Дания |
|
№ ҚР-ДЗ-5№003883 |
20.01.2017 |
Протафан® НМ, тері астына енгізуге арналған суспензия, 100 ХБ/мл |
Ново Нордиск А/С, Дания |
|
№ ҚР-ДЗ-5№003859 |
18.03.2017 |
Микстард® 30 НМ, тері астына енгізуге арналған суспензия, 100 ХБ/мл |
Ново Нордиск А/С, Дания |
Согласовано
28.12.2023 20:27 Кенжеханова Алмагуль Жумаханова
29.12.2023 09:11 Салыбекова Айнур Нурлыбековна
29.12.2023 09:14 Тулешов К.А.
29.12.2023 14:18 Кабденов Алишер Кайратович
Подписано
03.01.2024 10:21 Ахметнияз Лаурра Мустафьевна